Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №90

27 маусым 2018, 16:11
Фото, бейне: primeminister.kz

2018 жылғы 18–23 маусым аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • Өткен аптада, сейсенбі күні Президент Оңтүстік Қазақстан облысын Түркістан облысы деп қайта атау туралы және Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесін беру туралы жарлыққа қол қойды.

  • Сәрсенбі күні Мемлекет басшысының тапсырмасымен Премьер-Министр Б. Сағынтаев пен Президент Әкімшілігінің басшысы Ә. Жақсыбеков жұмыс сапарымен Түркістан облысына барып қайтты. Онда қалалық және облыстық мәслихат сессияларына қатысып, өңірлердің активтеріне жаңа әкімдерді: Түркістан облысының әкімі — Ж. Түймебаев пен Шымкент қаласының әкімі — Ғ. Әбдірахымовты таныстырды. Сондай-ақ, жұмыс сапары барысында Б. Сағынтаев пен Ә. Жақсыбеков Түркістан қаласын дамытудың Бас жоспарын іске асырумен және жаңа әкімшілік-іскерлік орталықты дамыту жоспарларымен танысты.

  • 19 маусымда ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен Үкіметтің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінен тыс Жамбыл облысында «Астана — Алматы» пойызының жолаушылар вагондарының жолдан шығып кетуіне қатысты мәселе қаралды. Бұдан өзге, АӨК дамытудың мемлекеттік бағдарламасын өзектендіру, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, сондай-ақ, Алматы агломерациясын дамытудың ұзақмерзімді жоспарының жобасы қаралды.

  • Бейсенбі күні ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының V съезіне қатысты, онда бес жылдағы қызмет қорытындысы және бизнесті одан әрі дамыту стратегиясы қаралды.

  • Съезд жұмысы аясында Өзбекстанның Кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі уәкілі Д. Касимовпен кездесу өтті.

  • 21 маусымда Үкімет үйінде Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысы өтті.

  • Жұма күні, 22 маусымда Б. Сағынтаев Еуразия даму банкінің (ЕАДБ) Басқарма төрағасы Андрей Бельяниновпен кездесіп, бейнеконференция байланысы режимінде Банк кеңесінің отырысын өткізді.


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз