Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №94

27 шілде 2018, 09:00
Фото, бейне: primeminister.kz

2018 жылғы 16–22 шілде аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • 17 шілдеде Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаевтың төрағалығымен ҚР Үкіметінің кезекті отырысы өтті. Онда денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016–2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының осы жылдың І жарты жылдығында іске асырылу қорытындысы, жекешелендіруді жүргізу барысы, «ақылды қалаларды» іске асыру мәселелері қаралды.

  • 19 шілдеде Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаевтың төрағалығымен «Бәйтерек» АҚ Директорлар кеңесінің отырысы өтті.

  • 16, 17, 18 және 19 шілде күндері Үкімет үйінде Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның Үшінші жаңғыруын жобалық басқару аясында осыған дейін атқарылған жұмыстардың жай-күйі жөнінде бірқатар кеңестер өткізді. Технологиялық жаңарту мен цифрландыру, АКТ, көлік және туризм саласын дамыту, сондай-ақ, Астана, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды және Қызылорда облыстары әкімдіктерінің атқарған жұмыстарына қатысты мәселелер талқыланды.

  • 20 шілдеде Үкімет үйінде Б. Сағынтаев халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

  • Сол күні Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаевтың төрағалығымен Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі сараптама кеңесінің отырысы өтті. Қазақстанда туризмді дамыту мәселелері талқыланды.

  • Сондай-ақ, өткен аптада Б. Сағынтаев шекара маңындағы аумақтарды дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

  • 21 шілдеде Астана қаласында Бақытжан Сағынтаев АT-қауымдастықпен кездесу өткізді.


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз