Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №95

30 шілде 2018, 09:00
Фото, бейне: primeminister.kz

2018 жылғы 23–28 шілде аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • Өткен аптада Үкімет үйінде Бақытжан Сағынтаев Үкіметтің жобалық басқару жүйесі жөнінде бірқатар кеңестер өткізді. Онда өнімді жұмыспен қамту және білім беру саласын дамыту мәселелері, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарының әкімдіктерінің І жарты жылдықта атқарған жұмыстары мен ІІ жарты жылдыққа арналған жоспарлары талқыланды.  

  • 25 шілдеде Үкімет үйінде Б. Сағынтаев одақтың төрағасы Ұлықбек Есдәулет бастаған Қазақстан жазушылар одағының өкілдерімен кездесу өткізді.

  • 26 шілдеде Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың тапсырмасымен Б. Сағынтаев жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барып қайтты. Сапардың мақсаты — Президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік», «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауларының, «Бес әлеуметтік бастаманың», сондай-ақ мемлекеттік және салалық бағдарламалардың өңірде іске асырылу барысымен танысу. Сапар барысында Б. Сағынтаев Қарашығанақ кен орнына, «Конденсат» АҚ зауытына барды, «Орал — Тасқала — Озинки РФ шекарасы» және «Казталов — Жәнібек — Бөкей ордасы» автожолдарының, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер құрылысының барысымен және «7–20–25» бағдарламаларының іске асырылуымен танысып, облыс активімен және бизнес өкілдерімен кеңес өткізді.

  • 27 шілдеде Санкт-Петербург қаласында (Ресей) Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы өтті. Отырыс шағын және кеңейтілген құрамдарда өтті. Шара соңында бірқатар қорытынды құжаттарға қол қойылды.


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз