Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Астанадағы ТМД Үкіметтерінің басшылары кеңесі отырысының қорытындысы бойынша видеодайджест

02 қараша 2018, 17:46
Фото, бейне: primeminister.kz

2 қарашада Астанада Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдердің Үкімет басшылары кеңесінің отырысы өтті.

  • Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Үкіметтерінің басшылары кеңесінің отырысы аясында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада делегациялардың басшыларын қабылдады.

  • Отырысқа Қазақстан Премьер-Министрі Б. Сағынтаев, Ресей Федерациясының Премьер-Министрі Д. Медведев, Әзербайжан Премьер-Министрі Н. Мамедов, Беларусь Премьер-Министрі С. Румас, Қырғызстан Премьер-Министрі М. Абылгазиев, Тәжікстан Премьер-Министрі К. Расулзода, Өзбекстан Премьер-Министрі А. Арипов, Арменияның Бірінші Вице-Премьері А. Мирзоян, Түрікменстан министрлер кабинеті Төрағасының орынбасары Г. Мурадов, Беларусьтегі Молдова елшісі, ТМД жанындағы Тұрақты уәкілетті өкіл В. Сорочан, ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы С. Лебедев қатысты.

  • Отырыс шағын және кеңейтілген құрамдарда өтті.

  • Шағын құрамдағы отырыста ТМД-ға мүше елдердің экономикалық өзара іс-қимылының өзекті мәселелері бойынша пікір алмастырылды.

  • Кеңейтілген құрамдағы отырыста энергетика, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік қамсыздандыру, ғарыш саласы, салықтық әкімшілендіру, байланыс және инновациялар, зияткерлік меншік нысандарының құқықтарын қорғау, сондай-ақ, гуманитарлық өзара іс-қимыл салаларындағы ынтымақтастыққа қатысты 13 мәселе қаралды.

  • Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылды.

  • Сонымен қатар, отырыстан кейін ТМД ҮБК мүше делегациялардың басшылары дәстүрлі түрде бірлесіп суретке түсті.

  • Кеңейтілген келіссөздердің қорытындысын шығару мақсатында төрағалық етуші ел ретінде Тәжікстан Премьер-Министрі К. Расулзода мен ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы С. Лебедев бұқаралық ақпарат құралдары үшін бірлескен баспасөз конференциясын өткізді. Достастықтағы келесі төрағалық түрікмен тарапына өтеді. ТМД Үкіметтерінің басшылары кеңесінің кезекті отырысы 2019 жылғы мамырда Ашхабадта (Түрікменстан) өткізілетін болды.

  • Осы күні отырыс аясында Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Әзербайжан Республикасының Премьер-Министрі Новруз Исмаил оглу Мамедовпен және Армения Республикасының Бірінші Вице-Премьері Арарат Мирзоянмен екіжақты кездесулер өткізді.


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз