- Отырыс дәстүрлі түрде шағын және кеңейтілген құрамда өткізілді.
-
Шағын құрамда интеграциялық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері қаралды. Атап айтқанда, Одаққа мүше мемлекеттер арасында тауар айналымын одан әрі ұлғайту құралдары, білім беру саласында бірқатар құжатты өзара мойындау жүйесін жетілдіру келешегі, ЕАЭО цифрлық күн тәртібі аясында жобаларды іске асыру тетіктері және т.б. талқыланды.
-
Кеңейтілген құрамда 2018 жылы Еуразиялық экономикалық одақтың мүше мемлекеттері арасында өзара сауда-саттықты дамыту қорытындылары шығарылып, Одақ елдеріндегі макроэкономикалық жағдайды дамыту мәселелері қарастырылып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының тұрақты экономикалық дамуды одан әрі қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстары тыңдалды.
-
Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Т. Саркисян баспасөзге мәлімдеме жасады.
-
ЕҮАК жұмысы аясында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Дмитрий Медведевпен екіжақты кездесу өткізді. Кездесу барысында сауда-экономикалық, транзиттік-көлік, отын-энергетика салаларындағы, сондай-ақ ғарышты игеру мен цифрландыру саласындағы өзара іс-қимылды одан әрі тереңдетуге және кеңейтуге бағытталған екіжақты қарым-қатынас мәселелері талқыланды.
Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз