Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысының қорытындысы бойынша видеодайджест

02 мамыр 2019, 09:00
Фото, бейне: primeminister.kz

2019 жылғы 30 сәуірде Ереван қаласында Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы өтті. Отырысқа Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин, Ресей Федерациясының Премьер-Министрі Д. Медведев, Беларусь Премьер-Министрі С. Румас, Армения Премьер-Министрі Н. Пашинян, Қырғызстан Премьер-Министрі М. Абылгазиев және Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Т. Саркисян қатысты. 

  • Отырыс барысында Одаққа мүше мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық және өзара сауда-саттықты кеңейту, сондай-ақ ЕАЭО ішкі нарығы аясындағы кедергілерді жоюға қатысты 13 мәселе қаралды.

  • Шағын құрамда үкімет басшылары Одақты дамытудың бірқатар тұжырымдамалық мәселелері жөнінде пікір алмасты. ЕАЭО цифрлық трансформациялау аясында трансшекаралық өзара іс-қимылды тереңдету, қатысушы елдер арасындағы тауар айналымының көлемін ұлғайту саласындағы ынтымақтастық, кедендік әкімшілендіруді жетілдіру тетіктері талқыланды.

  • Кеңейтілген құрамдағы отырыста «бірыңғай терезе» қағидаты бойынша сыртқы экономикалық қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері, ЕАЭО саудасының цифрлық экожүйесін дамытуға жағдай жасау, өнеркәсіптік кооперацияны және технологиялар трансферін дамыту, экономиканың жекелеген салаларында интеграциялық әлеуетті одан әрі ұлғайту мәселелері талқыланды.

  • Отырыс жұмысының соңында бірқатар қорытынды құжатқа қол қойылды.

  • Шара қорытындысы бойынша Армения Премьер-Министрі Н. Пашинян мен Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Т. Саркисян БАҚ алдында сөз сөйледі.


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз