Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Алматы қаласына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест

01 сәуір 2019, 09:00
Алматы
Фото, бейне: primeminister.kz

Биыл 29 наурызда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жұмыс сапарымен Алматы қаласында болды.

  • Премьер-Министр «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын аралау кезінде «KBTU Drilling Center» оқу-жаттығу орталығы мен Қазақстандық теңіз академиясын барып көрді.

  • Бұдан кейін Асқар Мамин радиоэлектроника, ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараттарын, композит бұйымдарды, күн электр станциясы нысанын шығаратын «KazTechInnovations» ЖШС зауытына, сондай-ақ, «Ақпараттық технологиялар паркі» АЭА әкімшілік орталығына барды.

  • Келесі нысан Рысқұлов даңғылы мен Құлжа күре жолы бойындағы жол айрығы болды. Сонымен қатар, ҚР Премьер-Министрі «Достық» метросы бекетінің құрылысын көрді.

  • Сапар барысында А. Мамин «Қазжеңілөнеркәсіп-Алматы» ЖШС киім шығару фабрикасына және қаланың индустриялық аймағының бірқатар кәсіпорындарына барды. Атап айтқанда, Tokyo Rope Manufacturing корпорациясының инженерлік қорғаныс жүйелерін өндіру зауыты, жеңіл автокөлік өндіретін Hyndai Trans Kazakhstan зауытының құрылыс алаңдары, сондай-ақ Asia Steel Pipe кәсіпорны.

  • Жұмыс сапары электр автобустарын құрастыратын «Falcon Eurobus» ЖШС зауытында жалғасын тапты.

  • Алматыда ҚР Премьер-Министрі Алматы өңірінің туристік тау кластерінің перспективалық нысандарын ұшып аралады.


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз