Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Түркістан облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест 

28 сәуір 2019, 10:00
Фото, бейне: primeminister.kz

26 сәуірде ҚР Премьер-Министрі А. Мамин жұмыс сапарымен Түркістан облысына барды, онда ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту жөнінде берген тапсырмаларының орындалу барысын, сондай-ақ 23 наурызда өңірге жұмыс сапары аясында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алға қойған міндеттерді ескерумен қаланы одан әрі салу бойынша мәселелер кешенін тексерді. 

  • Жұмыс сапарының бағдарламасы 7000 орындық стадион, Оқушылар сарайы, Медиа орталық, Конгресс холл жобаларының құрылыс алаңдарын көруден басталды. 

  • ҚР Премьер-Министрі қаланың әкімшілік-іскерлік орталығында салынып жатқан облыс әкімдігі, басқармалар мен департаменттер, Халыққа қызмет көрсету орталығы ғимараттарын көрді, абаттандыру нысандарында: Тұңғыш Елбасы саябағы, аттракциондары бар қалалық саябақ, музыкалық фонтан, амфитеатр, арбат, музыкалық мектеп, бассейні бар Спорт сарайы, облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана салынатын құрылыс алаңдарында болды. 

  • Сонымен қатар, Үкімет басшысы облыс орталығының кіру қақпаларымен қаланы байланыстыратын Б. Саттарханов даңғылы учаскесінің реконструкциясымен танысып, Түркістан қаласының маңында «жасыл белдеу» құру, ирригациялық жүйені дамыту бойынша жұмыстарды тексерді. «Арыс – Түркістан» каналы реконструкциясының және «Машинный» каналы құрылысының жоспарын қарады. 

  • Қаланың тарихи-мәдени бөлігін дамытуға ерекше көңіл бөлінді. ҚР Премьер-Министрі Қ.А. Яссауи музейі, Туристерге арналған келу орталығы, Шығыс моншасы салынып жатқан жерлерді аралады. Өңір әкімдігі Әзірет Сұлтан музей-қорығының аумағын абаттандыру және қалашықтың тарихи нысандарын реставрациялау жұмыстарының жоспарларын, сондай-ақ «Назарбаев орталығы», индустриялық аймақ және «TURKISTAN» АЭА жобаларын таныстырды. 

  •  Нысандарды аралау қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Түркістан қаласын салу мен дамытудың 2019-2020 жылдарға арналған Кешенді жоспарын іске асыру мәселелері жөнінде жұмыстық кеңес өткізді.


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз