Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың Алматы қаласына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест

24 желтоқсан 2018, 10:00
Фото, бейне: primeminister.kz

Биыл 21 желтоқсанда Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласына жұмыс сапарымен барып қайтты. Онда мегаполисте Президент Жолдаулары мен мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу сапасымен танысты.

  • Премьер-Министр қалаға келген бойда Қазақстанда ғылымды перспективалық дамыту мәселелері бойынша жас ғалымдарымен кездесу өткізді.  

  • Жұмыс сапары аясында білім беру сапасын арттыру және кадрларды даярлау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Алматы қаласының ТжКББ оқу мекемелерінің басшыларымен кездесуде біліктілік орталықтары арқылы мамандарды дайындаудың жаңа моделдері мәселелері талқыланды.

  • Бұдан өзге, білім беру инфрақұрылымының бірқатар нысаны тексерілді. Алматы құрылыс-техника колледжінде Премьер-Министр жұмысшы мамандықтары бойынша білім мен дағды беру сапасымен, колледж базасында құрылған ресурстық орталықтардың жұмысымен танысты. Қазақстанның интеллект мектебінде (Gateway) оқу сыныптары, кітап оқу аймақтары, спорт және акт залдары тексерілді. Б. Сағынтаев жоғары білім беру сапасымен халықаралық АТ мамандарын дайындауға мамандандырылған Халықаралық ақпараттық технологиялар университетін аралау кезінде танысты.

  • Қаланың туристік әлеуетінің дамуымен танысу мақсатында Премьер-Министр «Алматы-2» теміржол вокзалы мен Visit Almaty туристік хабына барды. Мұнда Carsharing жаңа сервисінің таныстырылымы өтті.

  • Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласын дамытудың алдағы жоспарларымен «Алматыбасжопар» ғылыми-зерттеу институтын аралау кезінде танысты, онда ситуациялық орталық пен Алматының цифрлық 3D голографиялық макеті қаралды. Мұнда Президенттің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының аясында жүзеге асқан драйвер-жобалардың таныстырылымы өтті.


    Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз