Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың Алматы облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест

29 қазан 2018, 09:00
Алматы облысы
Фото, бейне: primeminister.kz

26 қазанда Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев жұмыс сапарымен Алматы облысында болып қайтты. Сапардың мақсаты — ҚР Президентінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жолдауының, сондай-ақ мемлекеттік және салалық бағдарламалардың іске асырылу барысымен танысу болды. 

  • Өңірге жұмыс сапары Талдықорған қаласынан басталды. Бақытжан Сағынтаев алдымен биыл көктемде пайдалануға берілген Талдықорған әуежайының жаңа терминалын тексерді.

  • Медицина қауымымен кездесуде медициналық қызмет көрсету сапасы мен қолжетімділігін арттыру, дәрігерлер мен медбикелердің жалақысын көтеру, салауатты өмір салтын сақтау үшін жағдай жасау арқылы адами капиталды дамыту, денсаулық сақтау саласын цифрландыру және қайта реттеу мәселелері талқыланды.

  • Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын аралау барысында Премьер-Министрге өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту қорытындылары туралы баяндалды.

  • Облыстың кәсіпкерлер қауымымен кездесу барысында өңірді дамыту тақырыбы жалғасын тапты. Әңгімелесу барысында бизнес-қауымдастық өкілдері биылғы 5 қазандағы Жолдауда айтылған Елбасы бастамаларына толықтай қолдау білдірді. Бірқатар компания басшылары қызметкерлеріне еңбекақы мөлшерін ұлғайту туралы шешім қабылданғандарын айтты.

  • Сонымен қатар, жұмыс сапары барысында Б. Сағынтаев №28 АТ мектеп-лицейіне барып, өңірдің білім саласының мамандарымен және ата-аналар қауымымен кездесу өткізді. Кездесуде білім беру жүйесін дамытуға қатысты мәселелер, атап айтқанда, мектепке дейінгі және мектепте білім беру сапасын арттыру, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, педагогтердің әлеуметтік мәртебесін көтеру, инфрақұрылымды жаңғырту, цифрландыру, сондай-ақ, үш ауысымдық білім беруді жою мақсатында жаңа мектептер салу мәселелері талқыланды.

  • Бұдан әрі Премьер-Министр Талдықорған қаласының жаңа әлеуметтік-мәдени нысандарын, соның ішінде жаңа Драма театрын аралады.

  • Премьер-Министрге Қазақстан – Қытай шекарасындағы транзиттік әлеуеттің дамуы туралы Орталық Азия аумағындағы ең үлкен көлік-логистика орталығы, «Нұр жолы» (ҚР) — «Қорғас» (ҚХР) автомобиль өткізу пункті мен Алматы облысының Панфилов ауданындағы «Қорғас» ШЫХО бірқатар нысандарын аралау барысында баяндалды.

  • Бұған қоса, «Қорғас – Шығыс қақпасы» еркін экономикалық аймағы аумағында Б. Сағынтаев Нұркент жаңа қаласы құрылысының бас жоспарымен танысып, «Самұрық» орталық алаңы» сауда орталығының ғимаратын көріп, «Қорғас қызғалдағы» бес жұлдызды қонай үйі жобасының құрылыс алаңында болды.


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз