Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №117

28 қаңтар 2019, 09:00
Фото, бейне: primeminister.kz

2019 жылғы 21–26 қаңтар аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • Өткен аптада Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жастар жылының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

  • Сейсенбі күні ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаевтың төрағалығымен ҚР Үкіметінің кезекті отырысы өтті. Онда Бес әлеуметтік бастаманы іске асыру барысы және мемлекеттік сатып алулар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алу мәселелері қаралды.

  • 21 қаңтарда Б. Сағынтаев Палата президенті, «КАТКО» ЖШС бас директоры Жерар Фриес бастаған «Франция–Қазақстан» сауда-өнеркәсіптік палатасының өкілдерімен кездесу өткізді.

  • Сәрсенбі күні Үкіметте өткен жұмыс кеңесінде халықаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

  • 24 қаңтарда Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Мұнай-газ және энергетика салалары бойынша ведомствоаралық комиссия отырысы өтті.  

  • 25 қаңтарда Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында Қазақстанның салық реформасына қатысты көптеген өзекті мәселелер талқыланды.

  • Сол күні Бақытжан Сағынтаев ҚР Қаржы министрлігінің кедендік әкімшіліктендіруді одан әрі дамыту жөніндегі тәсілдері ұсынылған кеңес өткізді.

  • Жұма күні Үкімет үйінде Бақытжан Сағынтаев биыл 23 қаңтарда Жастар жылының ресми ашылу салтанатында Мемлекет басшысының берген тапсырмаларын орындау мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді.


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз