Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №10

06 мамыр 2019, 17:00
Фото, бейне: primeminister.kz

2019 жылғы 29 сәуір мен 4 мамыр аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • 29 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVII сессиясы өтті

  • 1 мамырда Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Назарбаев Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтуге қатысты

  • Дүйсенбі күні Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің төрағалығымен ҚР Үкіметінің кезекті отырысы өтті. «Ауыл – ел бесігі» жобасы және Елбасының студент жастардың тұру жағдайын жақсарту жөніндегі тапсырмаларын орындау барысы туралы мәселелер қаралды.  

  • Сейсенбіде Ереван қаласында Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы өтті. Оның жұмысына Қазақстанның үкімет басшысы А. Мамин, Ресей Федерациясының үкімет басшысы Д. Медведев, Арменияның үкімет басшысы Н. Пашинян, Беларусьтің үкімет басшысы С. Румас, Қырғызстанның үкімет басшысы М. Абылгазиев, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Т. Саркисян қатысты. Шағын және кеңейтілген құрамдағы отырыстар барысында Одаққа мүше мемлекеттердің арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық және өзара сауданы арттыру бойынша 13 мәселе қаралды, оның ішінде ЕАЭО ішкі нарығы аясында қазіргі кедергілерді жою да бар.

  • 2 мамырда Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Еуропадағы, Еуразия мен Таяу Шығыстағы барлау және кен өндіру жөніндегі Chevron президенті Тодд Левимен кездесу өткізді. Қазақстанда мұнайгаз машинажасау саласын дамыту келешегі талқыланды. 

  • Дәл осы күні ҚР Премьер-Министрі А. Мамин №10 елордалық емхана мысалында денсаулық сақтау жүйесін цифрландырумен танысты


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз