Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №104

11 қазан 2018, 09:00
Фото, бейне: primeminister.kz

2018 жылғы 1–7 қазан аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • Өткен аптаның басты оқиғасы Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жариялауы болды.
  • Сол күні, 5 қазанда, Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаевтың төрағалығымен Президент Әкімшілігінің басшысы Ә. Исекешевтің қатысуымен ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында аталған тапсырмаларды орындау мәселелері бойынша ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтті. Сонымен қатар, отырыс барысында егін жинау жұмыстарының барысы, жылыту маусымына дайындық және әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен қызметтердің бағасын тұрақтандыруды қамтамасыз ету шаралары қаралды.
  • Сейсенбі күні, 2 қазанда, ҚР Үкіметінің отырысында денсаулық сақтау мен медициналық қызмет көрсету сапасын арттырудың өзекті мәселелері, 2018 жылғы 9 айдағы инфляция деңгейі және әлеуметтік мәні бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне жол бермеу шаралары, қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату және өңдеу мәселелері қаралды.
  • Сондай-ақ, өткен аптада Б. Сағынтаев Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің кезекті отырысын өткізді. Отырыс барысында шетелдік инвестицияларды тарту, бәсекеге қабілетті экономикалық ортаны қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдайлар мен әділ режимді құру мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері талқыланды.
  • 2 қазанда Үкімет үйінде Б. Сағынтаев барлау және өндіру бөлімшесінің директоры Энди Браун бастаған «Роял Датч Шелл» концерні өкілдерімен кездесу өткізді.  
  • Бейсенбі күні, 4 қазанда, компанияның президенті Саймон Мюррей бастаған «Lapwing Advisers Ltd» өкілдерімен кездесу өтті.
  • Бұдан өзге, 4 қазанда Б. Сағынтаев Германиядан келген сарапшылармен қосарлы білім беру жүйесін жетілдіру мәселелерін талқылады. Олардың қатарында: Шетелдік инвесторлар кеңесінің жұмыс тобының тең төрағасы, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан республикаларындағы КНАУФ компаниясының маркетинг және өткізу жөніндегі директоры Д. Пропп, Орталық Азиядағы Германия экономикасы төрағалығының басшысы, ҚР-дағы Германия экономикасы одағының төрағасы Р. Брайтнер бар.
  • Сол күні Премьер-Министр Б. Сағынтаев халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

 


 

Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз