Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №108

05 қараша 2018, 09:00
Фото, бейне: primeminister.kz

2018 жылғы 29 қазан–3 қараша аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • Өткен аптаның маңызды оқиғаларының бірі Астанада 2 қараша күні өткен ТМД Үкіметтерінің басшылары кеңесінің отырысы болды.

  • Ақордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ТМД Үкіметтерінің басшылары кеңесінің мүшелерімен кездесу өткізді.

  • Отырыс шағын және кеңейтілген құрамдарда өтті. Шағын құрамдағы отырыста ТМД-ға мүше елдердің экономикалық өзара іс-қимылының өзекті мәселелері бойынша пікір алмастырылды. Кеңейтілген құрамдағы отырыстың күн тәртібінде ТМД елдерінің сауда-экономикалық ынтымақтастығының түрлі салаларындағы ынтымақтастыққа қатысты 13 мәселе қаралды.

  • Отырысқа Қазақстан Премьер-Министрі Б. Сағынтаев, Ресей Федерациясының Премьер-Министрі Д. Медведев, Әзербайжан Премьер-Министрі Н. Мамедов, Беларусь Премьер-Министрі С. Румас, Қырғызстан Премьер-Министрі М. Абылгазиев, Тәжікстан Премьер-Министрі К. Расулзода, Өзбекстан Премьер-Министрі А. Арипов, Арменияның Бірінші Вице-Премьері А. Мирзоян, Түрікменстан министрлер кабинеті Төрағасының орынбасары Г. Мурадов, Беларусьтегі Молдова елшісі, ТМД жанындағы Тұрақты уәкілетті өкіл В. Сорочан, ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы С. Лебедев қатысты.

  • Отырыстың соңында бірқатар қорытынды құжаттар қабылданды. ТМД ҮБК делегацияларының басшылары дәстүрлі түрде бірге суретке түсті.

  • Отырыс аясында ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев Әзербайжан Республикасының Премьер-Министрі Н. Мамедовпен және Армения Республикасының Бірінші Вице-Премьері А. Мирзоянмен екіжақты кездесулер өткізді.

  • Бейсенбі күні Үкімет үйінде Премьер-Министр Қазақстанға ресми сапармен келген Ресей Үкіметінің Төрағасы Д. Медведевпен кездесу өткізді.

  • 30 қазанда Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаевтың төрағалығымен ҚР Үкіметінің кезекті отырысы өтті. Онда өнімді жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы және ҚР Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2019 жылға арналған жоспарының жобасы қаралды.

  • Сәрсенбі күні, 31 қазанда Бақытжан Сағынтаев ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты. Онда депутаттар «2019–2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын мақұлдады. Құжат ҚР-ның 2019–2023 жылдарға арналған бюджет параметрлері мен әлеуметтік-экономикалық даму болжамының және ҚР Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдаулары негізінде әзірленген.

  • Сонымен қатар, өткен аптада Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев халықаралық қатынастар мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

  • 29 қазанда Бақытжан Сағынтаев басқарма төрағасы Джейкоб Френкель бастаған JP Morgan Chase International өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында инвестицияларды дамыту саласындағы ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру мәселелері қаралды.

  • 31 қазанда Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев елімізде туризм саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

  • Бейсенбі күні, 1 қарашада Үкімет үйінде Бақытжан Сағынтаев Астананың су қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сумен жабдықтау, елімізде суармалы егіншілікті одан әрі дамыту жөнінде селекторлық кеңес өткізді.


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз