Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №111

26 қараша 2018, 19:58
Фото, бейне: primeminister.kz

2018 жылдың 19-24 қарашасы аралығындағы аптаның басты оқиғалары.

  • 19 қарашада Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаевтың төрағалығымен ҚР Үкіметінің кезекті отырысы өтті. Инфрақұрылымды дамытудың 2015–2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы және энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуді арттыру жөніндегі шаралар қаралды.

  • 20-21 қарашада Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев жұмыс сапарымен Сингапур Республикасына барды.
  • Жұмыс сапары аясында Бақытжан Сағынтаев Қазақстан-Сингапур бизнес-форумына қатысты. Екі елдің бизнес құрылымдары арасында сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, өзара іс-қимылдың басымдықты бағыттарын дамыту және перспективалы инвестициялық жобаларды іске асырудың ауқымды мәселелері бойынша пікір алмасу өтті.
  • Бизнес-форум қорытындысы бойынша инвестицияларды қолдау және өзара қорғау туралы үкіметаралық келісім мен ынтымақтастық туралы басқа да коммерциялық құжаттарға қол қойылды.
  • Сингапур Премьер-Министрі Ли Сянь Лунмен кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету және кеңейту мәселелері талқыланды.
  • Сонымен қатар ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев Сингапурдің іскерлік орталарының өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді. Олардың ішінде — «Meinhardt Group» басқарма төрағасы Шахзад Насим,  «KinderWorld International Group» басқарма төрағасы Тан Тек Ионг, «Barrington Capital Partners» компаниясының құрылтайшысы Рен Цзэ Лим болды.
  • Сонымен қатар, Бақытжан Сағынтаев Сингапурдің бірқатар ұйымдарын аралады, олардың қатарында HDB, «А*STAR» Ғылым, технологиялар және зерттеулер агенттігі, «Biopolis» ғылыми зерттеу орталығы, стартап хаб Fusionopolis, «үлгілік зауыт» Modelfactory@SIMTech бар.
  • 22 қарашада Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі Б.Сағынтаев ресми сапармен Қытай Халық Республикасына барды.
  • Пекинде Б. Сағынтаевтың ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен және ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен кездесуі, сондай-ақ ірі қытай компанияларының басшыларымен және сарапшылық құрылым өкілдерімен бірқатар жұмыс келіссөздері өтті.
  • Шэньчжэнь  қаласында Б. Сағынтаев корпорациялардың — әлемдік инновациялық көшбасшылардың тәжірибесімен танысты, олардың қатарында SF Express, Tencent Holding және Huawei Technologies бар, олармен Қазақстанның Үшінші жаңғыруы аясында бірлескен ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін талқылады.
  • 23 қарашада Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаевтың төрағалығымен «Бәйтерек» ҰБХ» Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз