Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №112

03 желтоқсан 2018, 09:00
Фото, бейне: primeminister.kz

2018 жылдың 26 қарашасы – 1 желтоқсаны аралығындағы аптаның басты оқиғалары.

  • 30 қарашада Астанада Мемлекет басшысы режиссер А. Сатаевтың «Елбасы жолы. Астана» фильмін көруге барды. Бұл фильм «Елбасы жолы» киноэпопеясының бір бөлігі. Фильмді көруге ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев қатысты.
  • 26 қарашада Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаевтың төрағалығымен кезекті ҚР Үкіметінің отырысы өтті. Онда Қазақстан Республикасының 2019–2023 жылдарға арналған жаңартылған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, тарифтерді және әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағаларын төмендету жөніндегі шаралар, Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы туралы, сондай-ақ оңалту және банкроттық рәсімдерін жетілдіру мәселелері қаралды.
  • Сол күні Бақытжан Сағынтаев ҚР Парламент Сенатының пленарлық отырысына қатысты. Бұған дейін ҚР Парламент Мәжілісі мақұлдаған «2019–2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңының жобасы, сондай-ақ «2019–2021 жылдарға ҚР Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт туралы» заңының жобасы қаралды.
  • Халықаралық қарым-қатынастар тұрғысынан аптаның маңызды оқиғаларының бірі 27 қарашада Минскіде өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы болды. Отырыс жұмысына Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.Сағынтаев, Ресей Федерациясының премьер-министрі — Д. Медведев, Беларусь премьер-министрі — С. Румас, Қырғызстан премьер-министрі — М. Абылгазиев, Армения Республикасының премьер-министрінің міндетін уақытша атқарушы А. Мирзоян қатысты. Үкіметаралық кеңес отырысы шағын және кеңейтілген құрамда өтті.
  • ЕҮАК қатысушы үкіметтік делегациялардың басшыларын отырыс алдында Беларусь Республикасының Президенті А. Лукашенко қабылдады.
  • Отырыс соңында бірқатар құжаттарға қол қойылып, бұқаралық ақпарат құралдарына арналған баспасөз конференциясы өтті. ЕЭК Алқасының Төрағасы Т. Саркисян мен Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Д. Медведев журналистермен кездесті.
  • 29 қарашада Астанада ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаевтың қатысуымен ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысы өтті.
  • Дәл осы күні Астанада «Болашақ еңбек нарығы: жаңа мүмкіндіктер» форумы өтті. Оның жұмысына ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев қатысып, пленарлық сессия барысында сөз сөйледі.
  • Сонымен қатар бейсенбіде ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаевтың төрағалығымен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.
  • 30 қарашада Б. Сағынтаев Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия отырысын өткізді. Ұлт жоспары «100 нақты қадамды» іске асыру мәселелері талқыланды.

Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз