Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №114

17 желтоқсан 2018, 09:00
Фото, бейне: primeminister.kz

2018 жылғы 10–15 желтоқсан аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • Өткен аптаның басты оқиғасы — еліміздің Тәуелсіздік күнінің аталып өтуі болды.  

  • 14 желтоқсанда, ұлттық мереке қарсаңында, Ақордада Мемлекет басшысы Н. Назарбаев танымал саяси және қоғам қайраткерлерін марапаттады.

  • Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Елбасы атынан мемлекеттік қызметкерлерге және ұлттық компаниялардың қызметкерлеріне еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, мемлекеттік және қоғамдық қызметке қосқан үлесі үшін мемлекеттік марапаттарды табыстады.

  • 11 желтоқсанда Астанада Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың қатысуымен «Индустрияландырудың екінші бесжылдығы. Қазақстанда жасалған» телекөпірі өтті, онда Индустрияландыру картасының жобалары таныстырылып, «Парыз» және «Алтын сапа» сыйлықтарының жеңімпаздары марапатталды.

  • Рәсім барысында Бақытжан Сағынтаев «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының және «Ірі кәсіпкерлік субъектілері» категориясы бойынша «Парыз» сыйлығының жеңімпаздарын марапаттады.

  • Сейсенбі күні Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаевтың төрағалығымен Үкіметтің кезекті отырысы өтті. Онда 2018 жылдың 11 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму және республикалық бюджеттің орындалу қорытындысы, сондай-ақ жекешелендіруді жүргізу барысы қаралды.

  • Сәрсенбі күні, 12 желтоқсанда, Үкімет үйінде Экспорттық саясат жөніндегі кеңес отырысы өтті.

  • Бейсенбі күні, 13 желтоқсанда, Бақытжан Сағынтаев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Директорлар кеңесінің отырысын өткізді.

  • Сол күні Премьер-Министрдің қатысуымен Экономика жөніндегі сараптама кеңесінің отырысы өтті.

  • Үкімет үйінде Бақытжан Сағынтаев басқарма төрағасы Лу Йимин бастап келген Genertec (China General Technology Group) холдингінің өкілдерімен кездесу өткізді.

  • Сондай-ақ, бейсенбі күні Б. Сағынтаев денсаулық сақтау жүйесін дамыту мәселелері жөніндегі дөңгелек үстел жұмысына қатысты.


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз