Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №116

31 желтоқсан 2018, 09:00
Фото, бейне: primeminister.kz

2018 жылғы 24–29 желтоқсан аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • 25 желтоқсанда Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаевтың төрағалығымен кезекті Үкімет отырысы өтті. Онда жылу беру маусымының өту барысы, тарифтер мен әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағаларын төмендету жөніндегі шаралар, суармалы жерлерді дамытудың 2028 жылға дейінгі іс-шаралар жоспары қаралды.

  • Сонымен қатар, өткен аптада Үкімет үйінде Бақытжан Сағынтаев елімізде қоғамдық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» мәдениетін қалыптастыру мәселелері қаралған Құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді.

  • 26 желтоқсанда Б. Сағынтаев Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ұжымына жаңа министр — Асқар Жұмағалиевті таныстырды.  

  • Сол күні Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті.

  • Бұдан өзге, сәрсенбі күні Бақытжан Сағынтаев ҚР Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдары арасындағы серіктестік туралы шекті келісімдерді іске асыру жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысын өткізді.

  • Бейсенбі күні, 27 желтоқсанда, Үкімет үйінде ҚР Президенті жанындағы Цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

  • Жұма күні, 28 желтоқсанда, Үкімет үйінде Бақытжан Сағынтаев шикізаттық емес экспортты ілгерілету жəне қолжетімді несиелендіруді қамтамасыз ету мəселелері жөнінде кеңес өткізді.

  • Сенбі күні, 29 желтоқсанда Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаевтың төрағалығымен осы жылдағы соңғы Үкімет отырысы өтті. Онда өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі және коммуналдық қызметтерге тарифтерді төмендету шаралары қаралды.


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз