Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №118

05 ақпан 2019, 09:00
Фото, бейне: primeminister.kz

2019 жылғы 28 қаңтар мен 2 ақпан аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • Өткен аптаның маңызды шарасы — Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысы болды, онда еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы талқыланып, экономикалық өсімді одан әрі қамтамасыз ету жөніндегі шаралар айқындалды. Үкімет үйінде ҚР Президенті Н. Назарбаевқа «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының 2018 жылғы іске асырылу нәтижелері туралы ақпарат және Электронды үкіметтің Ахуалдық орталығының мәліметтері енгізілген цифрлық тақта таныстырылды.

  • Сол күні Елбасы облыстардың және Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдерімен кеңес өткізді.

  • 1 ақпанда ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысты. ЕАЭО мүше мемлекеттердің үкіметтік делегацияларының басшылары шағын және кеңейтілген құрамда ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, сауда-экономикалық өзара іс-қимылды одан әрі жеңілдетудің нақты тетіктерін қарастырды. Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылды. ЕЭК Алқасының Төрағасы Т. Саркисян баспасөз конференциясы барысында келіссөздердің нәтижелерін мәлім етті.

  • ЕҮАК жұмысы аясында ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев пен РФ Үкіметінің Төрағасы Д. Медведев арасында екіжақты кездесу өтті. Тараптар екі Мемлекеттің Басшылары деңгейінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысын қарады.

  • Бұдан өзге, Алматыда «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі 2.0. Еуразияның инновациялық экожүйесі» халықаралық форумы өтті. ЕАЭО қатысушы елдердің Премьер-Министрлері пленарлық сессия барысында әлемдік деңгейдегі сарапшылармен цифрландыру жөніндегі ұлттық бағдарламалардың дамуы мен Одақтың цифрлық күн тәртібін талқылады.

  • Дүйсенбі күні Астанада Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев ҚР-дағы Қырғызстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Жээнбек Кулубаевпен кездесу өткізді.

  • Сол күні Үкімет үйінде еліміздің агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері жөнінде кеңес өтті.

  • 29 қаңтарда Б. Сағынтаев Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтының президенті Чан Йан Бэнгпен кездесу өткізді.

  • 31 қаңтарда Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Директорлар кеңесінің отырысы өтті.

  • Бейсенбі күні Халықаралық паралимпиада комитетінің президенті Эндрю Парсонспен, сонымен қатар «Тоталь» барлау және өндіру президенті Арно Брейякпен екі жақты кездесулер өткізілді.


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз