Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №120

16 ақпан 2019, 09:00
Фото, бейне: primeminister.kz

2019 жылғы 11–16 ақпан аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • 12 ақпанда Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаевтың төрағалығымен ҚР Үкіметінің кезекті отырысы өтті. Онда 2019 жылғы қаңтардағы ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуының және республикалық бюджеттің орындалуының қорытындылары, сондай-ақ, тұрғын үй секторындағы өрттердің алдын алу және 2019 жылғы су тасқыны кезеңіне орталық және жергілікті атқарушы органдардың даярлығы мәселелері қаралды.

  • Дүйсенбі күні, 11 ақпанда Премьер-Министр «қарапайым заттар экономикасын» дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Онда еліміздің өңдеу өнеркәсібін және шикізаттық емес экспортты дамыту және қолдау мәселелері талқыланды.

  • Сәрсенбі күні Үкімет үйінде Б. Сағынтаев Президент Н. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын іске асыру аясында ауылдық аумақтардың әлеуметтік ортасын жаңғырту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

  • Бейсенбі күні, 14 ақпанда ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен ҚР экономикасын жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысы өтті. Отырыс барысында халықаралық қаржы ұйымдарымен еліміздің өңірлерінде инфрақұрылымды жаңғырту саласында инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

  • Жұма күні, 15 ақпанда Үкімет үйінде Б. Сағынтаев еліміздің агрохолдингтерін одан әрі дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

  • Сол күні Үкімет үйінде Премьер-Министр Еуразия даму банкінің (ЕАДБ) басқарма төрағасы Андрей Бельяниновпен кездесу өткізді. Кездесу барысында Банк жұмысының 2018 жылғы қорытындысы және қызметтің алдағы жылға арналған перспективалық бағыттары қаралды.

  • Сондай-ақ, өткен аптада көлік, агроөнеркәсіптік секторды дамыту, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар, инвестициялар тарту және экспортты ілгерілету салаларындағы заң жобаларының презентациясы өтті.

  • Бұдан өзге, ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын іске асыру аясында 2018 жылғы республикалық бюджеттің орындалуы және еліміздің қаржы жүйесін дамыту перспективалары туралы баспасөз конференциясы өтті. Журналистердің сұрақтарына ҚР қаржы министрі Әлихан Смайылов жауап берді.


    Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз