Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №2

10 наурыз 2019, 08:00
Фото, бейне: primeminister.kz

2019 жылғы 4–9 наурыз аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • 6 наурызда Ақордада Елбасы Н. Назарбаев еліміздегі әлеуметтік саясатты іске асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Жиынға ҚР Премьер-Министрі А. Мамин, Президент Әкімшілігінің басшысы Ә. Исекешев және Премьер-Министрдің орынбасары Г. Әбдіқалықова қатысты.

  • Сейсенбі күні, 5 наурызда Үкімет үйінде Премьер-Министр А. Маминнің төрағалығымен ҚР Үкіметінің кезекті отырысы өтті. Онда «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015–2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы және қарапайым заттар экономикасы мәселелері (Құрылыс индустриясын, жеңіл, жиһаз, азық-түлік және өңдеу өнеркәсібін дамыту жөніндегі жол карталары) қаралды.

  • Дүйсенбі күні Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі А. Мамин туризмді дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

  • 5 наурызда Үкімет үйінде Асқар Мамин халықаралық ұйымдар мен компаниялардың өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді. Олардың ішінде Дүниежүзілік кеден ұйымының бас хатшысы К. Микуриямен, Dubai Port World компаниясының Директорлар кеңесінің төрағасы Сұлтан Ахмед бин Сулайеммен, Еуропа қайта құру және даму банкінің өңірлік директоры Агрис Прейманиспен және Дүниежүзілік банктің ҚР-дағы өкілі Ато Браунмен кездесулер өткізді.

  • Сәрсенбі күні, 6 наурызда ҚР Премьер-Министрі А. Мамин «КАМАЗ» компаниясының бас директоры С. Когогинмен ынтымақтастықты кеңейту және машина жасау саласын дамыту мәселелерін талқылады.

  • Сол күні ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің төрағалығымен Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысы өтті.

  • Сонымен қатар, өткен аптада ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында Елбасының «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде берген «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік шараларын іске асыру мәселелері бойынша баспасөз конференциясы өтті. Журналистердің сұрақтарына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Г. Әбдіқалықова, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Сапарбаев, денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов, білім және ғылым министрі К. Шәмшидинова, ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы істері комитетінің төрағасы М. Жайымбетов жауап берді.


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз