Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №4

25 наурыз 2019, 21:00
Фото, бейне: primeminister.kz

2019 жылғы 18–23 наурыз аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • 18 наурызда Елбасы Н. Назарбаев елордада салынатын жаңа мешіттің іргетасын қалау рәсіміне қатысты.

  • 20 наурызда ҚР Президенті Қ. Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөз сөйледі. ҚР Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың, Конституциялық Кеңес мүшелерінің, Жоғарғы Сот судьяларының, Үкімет мүшелерінің алдында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант берді. Бірлескен отырыс жұмысына ҚР Премьер-Министрі А. Мамин қатысты.

  • Сонымен қатар сәрсенбі күні ҚР Президенті Қ. Тоқаев ҚР Премьер-Министрі А. Маминмен кездесу өткізді. Мемлекет басшысына еліміздің қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайы және Үкіметтің биылғы 2 айда атқарған жұмыстарының нәтижелері туралы баяндалды.

  • 19 наурызда Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен кезекті ҚР Үкіметінің отырысы өтті. Онда «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасын және «7–20–25» бағдарламасын іске асыру барысы және еңбек қарым-қатынасын реттеу шаралары қаралды. 

  • 18 наурызда Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ҚР-дағы CITIC Group Corporation бас директоры Сунь Янмен кездесу өткізді.

  • Дәл осы күні Үкімет үйінде Премьер-Министр А. Маминнің төрағалығымен Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысы өтті.

  • Сонымен қатар сейсенбі күні Асқар Мамин Солтүстік Қазақстан облысын дамытудың кешенді жоспарын іске асыру мәселелері жөніндегі кеңес өткізді. 

  • Сәрсенбі күні, 19 наурызда Мемлекет басшысының тапсырмасымен Премьер-Министр А. Мамин жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында Асқар Мамин Елбасы Н. Назарбаевтың Ақмола облысының әкімі қызметіне Е. Маржықпаевты тағайындау туралы ұсынысы жазылған хатын оқып берді. Мәслихат депутаттары кандидатураны бірауыздан қолдады.

  • Сәрсенбі күні, 20 наурызда Асқар Мамин Ауыл шаруашылығы министрлігінде көктемгі егіс жұмыстарына әзірлік жөнінде кеңес өткізді.

  • Сенбі күні, 23 наурызда ҚР Президентінің тапсырмасымен Премьер-Министр А. Мамин жұмыс сапарымен Алматы облысына барды, онда Мемлекет басшысының көктемгі егіс жұмыстарына дайындықты қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларының орындалуымен және Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Назарбаевтың жолдаулары мен тапсырмаларында айтылған құрылымдық және институционалдық реформалардың орындалу барысымен танысты.

  • Жұмыс сапары аясында А. Мамин көру алаңына барды, онда Қорғас өзенінде селден және су тасқыны қаупінен қорғану жобаларының іске асырылу барысын тексерді. Төтенше жағдайларды ескерту және алдын алу шараларына ерекше көңіл бөлінді.

  • Премьер-Министр Қазақстан–Қытай шекарасында Орталық Азиядағы аса ірі «Нұр жолы» өткізу пунктіне және «Қорғас — Шығыс қақпасы» АЭА құрғақ портына барды.

  • Сонымен қатар, А. Мамин өңірдегі өнеркәсіптік кәсіпорындарға барды, «Қорғас» Халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы мен ХШЫО аумағында орналасқан қазақстандық сауда нысандарының жұмысымен танысты.

  • Талдықорған қаласында Аскар Мамин әлеуметтік нысандарды, көпбейінді аурухананы аралады, өңірде тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру мұқтаж жандардың баспана мәселесін шешу бойынша қабылданып жатқан шаралармен танысты.

  • Облыс орталығында А. Мамин сонымен қатар «Талдықорған» индустриялық аймағын аралады, бүгінгі таңда мұнда ауыл шаруашылығы, құрылыс, химия және тамақ өнеркәсібі салаларында ірі жобалар іске асырылып жатыр.

  • Жұмыс сапарының соңында Премьер-Министр Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына барып, онда қызмет көрсету бойынша жұмыстармен және ШОБ даму қарқынымен танысты. Сонымен қатар, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы, оның ішінде туризмді, АӨК, Алматы қ. маңын дамыту бойынша жобалар ұсынылды.


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз