Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №5

01 сәуір 2019, 09:45
Фото, бейне: primeminister.kz

2019 жылғы 25–30 наурыз аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • Өткен аптаның басты оқиғасы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен кеңес болды, оған облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкент қалаларының әкімдері қатысты.

  • Сейсенбі күні кезекті Үкімет отырысында ҚР Үкіметі мен ҚР Ұлттық Банкінің арасындағы 2019 жылға арналған макроэкономикалық саясат шараларын үйлестіру мәселелері, ҚР Индустриалдық-инновациялық дамуының 2015–2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы, сондай-ақ Жастар жылын өткізу жөніндегі жол картасына енгізілетін толықтырулар қаралды. Мәселелерді қарау қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрі бірқатар нақты тапсырмалар берді.

  • Отырыстан кейін ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мен ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Ерболат Досаев 2019 жылға арналған макроэкономикалық саясат шараларын үйлестіру туралы Келісімге қол қойды.

  • 27 наурызда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Росатом» атом энергиясы жөніндегі мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачевпен атом саласындағы ынтымақтастық мәселелері жөнінде кездесу өткізді.

  • Сол күні А. Мамин Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың табыстары төмен көп балалы және толық емес отбасыларға, мүмкіндіктері шектеулі балалары бар отбасыларға тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру туралы тапсырмаларын орындау жөнінде жұмыс кеңесін өткізді. Кеңес қорытындысы бойынша Қызылорда облысының әкімдігі мен «Болат Өтемұратов қоры» жекеменшік қоры арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, оған сәйкес қолайсыз тұрғын жағдайларында өмір сүріп жатқан 150 отбасыға пәтерлер берілетін болады.

  • Бейсенбі күні ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин отандық қорғаныс өнеркәсібі кешені кәсіпорындарына барып, қорғаныс өнеркәсібі кешенін одан әрі дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

  • Сонымен қатар, 28 наурызда Асқар Мамин Ресей Федерациясының өнеркәсіп және сауда министрі Денис Мантуровпен кездесу өткізді, онда ҚР мен РФ кәсіпорындары арасында өнеркәсіптік кооперацияны дамыту келешегі талқыланды.

  • 2019 жылғы 29 наурызда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Алматы қаласына жұмыс сапары барысында индустриялық кәсіпорындарға, көлік инфрақұрылымының салынып жатқан нысандарына барып, Алматы өңірінің турбизнес өкілдерімен кездесу өткізді.


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз