Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №6

07 сәуір 2019, 09:00
Фото, бейне: primeminister.kz

2019 жылғы 1–6 сәуір аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • 2 сәуірде Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің төрағалығымен Үкіметтің кезекті отырысы өтті. Онда алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар және ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік мәселелері қаралды.

  • Дүйсенбі күні, 1 сәуірде ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Петербург трактор зауытының бас директоры С. Серебряковпен кездесті. Кездесу барысында ауыл шаруашылығы машинасын жасау саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

  • 3 сәуірде ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Нұр-Сұлтан қаласын одан әрі дамыту жөнінде кеңес өткізді. Кеңес барысында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бесжылдық кезеңге (2019–2023 жылдарға) қаланың жинақы құрылысы жөніндегі Кешенді жоспарын іске асыру бойынша, сондай-ақ, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың елорданы дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы қаралды.

  • Бейсенбі күні, 4 сәуірде Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің төрағалығымен «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Директорлар кеңесінің отырысы өтті. Отырыс барысында жекешелендірудің 2016–2020 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру және түзету мәселелері талқыланды. Қор комитеттерінің есептері тыңдалып, ішкі бақылау жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары бекітілді. Сонымен қатар, Қордың қайырымдылық жұмысының қорытындысы шығарылып, бірқатар процедуралық мәселелері шешілді.

  • Сол күні Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ірі америкалық ауыл шаруашылығы компаниялары — Tyson Foods, Valmont Irrigation, AGCO басшыларымен кездесу өткізді. Онда АӨК саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз