Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №9

27 сәуір 2019, 16:30
Фото, бейне: primeminister.kz

2019 жылғы 22–27 сәуір аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • 23 сәуірде ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХІХ съезі өтті. Күн тәртібіне сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті сайлауына «Nur Otan» партиясының атынан үміткер ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсыну мәселесі қаралды.

  • Сол күні Нұр-Сұлтан қаласын одан әрі дамыту және құрылысын жүргізу жоспарының таныстырылымы өтті.

  • Сәрсенбі күні, 24 сәуірде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «ALSTOM» компаниясы басқармасының төрағасы Анри Пупар-Лафаржды қабылдады.

  • Дүйсенбі күні ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Қазақстанға ресми сапармен келген Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Инмен кездесу өткізді.

  • 22 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Қазақстан–Корея бизнес-форумына қатысты.  

  • Сейсенбі күні Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Мажарстан Премьер-Министрі Виктор Орбанмен кездесу өткізді. Кездесуде сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту, екіжақты тауар айналымының көлемін ұлғайту мәселелері талқыланды.

  • Сонымен қатар, 22 сәуірде Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен кезекті Үкімет отырысы өтті. Инвестициялар тарту мәселелері қаралды.

  • Сәрсенбі күні, 24 сәуірде ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Америка сауда палатасының Атқарушы директоры Дорис Брэдбюримен, Ұлыбритания елшісі Майкл Гиффордпен, Канада елшісі Николас Бруссомен, Еуропалық одақ елшісі Свен-Олов Карлссонмен, ҚР-дағы АҚШ істері жөніндегі уақытша сенімді өкілі Теодор Лингпен кездесу өткізді. Кездесу барысында инвестициялық ынтымақтастықты және ҚР Үкіметінің инвесторларды қолдау экожүйесін дамыту жөніндегі жаңа тәсілдері аясында өзара іс-қимылды одан әрі арттыру мәселелері талқыланды.

  • Осы күні ҚР Премьер-Министрі А. Мамин «Халықаралық барлау және өндіру» бөлімшесінің директоры Э. Браун бастаған Royal Dutch Shell концернінің өкілдерімен ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.

  • Бейсенбі күні, 25 сәуірде ҚР Премьер-Министрі А. Мамин жұмыс сапарымен Ресей Федерациясында болды. Жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы Д. Медведевпен келіссөздер жүргізді. Кездесуде екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланып, бірқатар құжатқа қол қойылды.

  • Жұма күні, 26 сәуірде Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту жөнінде берген тапсырмаларының орындалу барысымен танысу мақсатында Түркістан облысына жұмыс сапарымен барып қайтты.

  • Премьер-Министр қаланың әкімшілік-іскерлік орталығында облыс әкімдігі, басқармалар мен департаменттер ғимараттары, Медиа орталық, Конгресс-холл, облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана салынатын құрылыс алаңдарында болды. Үкімет басшысы жұмыс сапары аясында облыс орталығының кіру қақпаларымен қаланы байланыстыратын Б. Саттарханов даңғылының учаскесін, Түркістан қаласының маңында «жасыл белдеу» құру, ирригациялық жүйені дамыту бойынша жұмыстарды тексерді. «Арыс – Түркістан» каналының реконструкциясының және «Машинный» каналы құрылысының жоспарын қарады. Әкімдік «Назарбаев орталығы», Тұңғыш Президент паркі, индустриялық аймақ аумағын және «TURKISTAN» АЭА жобаларымен таныстырды.

  • Нысандарды аралау қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Түркістан қаласының 2019–2020 жылдарға арналған кешенді құрылыс және дамыту жоспарын іске асыру мәселелері жөнінде жұмыс кеңесін өткізді.

  • Сенбі күні, 27 сәуірде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин «Ресей темір жолдары» компаниясының бас директоры, басқарма төрағасы О. Белозеровпен кездесу өткізді. Көлік-логистика саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз