Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды

10 тамыз 2018, 21:15
Маңғыстау облысы
Фото: akorda.kz

Елбасы Ақтау қаласына келген соң қала нысандарын аралап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңеске қатысады. Сонымен қатар, сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың мультимодальды Құрық портының таныстырылым рәсіміне және Бесінші Каспий саммитіне қатысуы, сондай-ақ жоғары деңгейде бірқатар екі жақты кездесулер өткізуі жоспарланып отыр.

Мемлекет басшысы Ақтау қаласындағы теңіз жағалауын аралау кезінде заманауи дыбыс күшейткіш және жарық техникасымен, сондай-ақ LED экранмен жабдықталған, бір мезгілде 1000 әртіс өнер көрсететін, көпфункциялы сахнасының ені 70 метр болатын ашық аспан астындағы амфитеатрді көрді.

Қаласының теңіз жағалауында ротондалар, бақылау мұнаралары, балаларға арналған және спортпен шұғылданатын алаңдар, демалушылар үшін шатырлар мен орындықтар орнатылған. Бүкіл жағалау бойына шағын 16 сәулет нысаны қойылған.

Нұрсұлтан Назарбаев өнер адамдарымен әңгімелесу барысында Ақтау қаласының және Маңғыстау өңірінің қарқынды дамып келе жатқанын ерекше атап өтті.

«Құрметті маңғыстаулықтар, сіздер әлемдік тарихқа енетін айтулы оқиғаға куә болғалы тұрсыздар. Ертең алғаш рет бес мемлекеттің басшылары Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін айқындайтын құжатқа қол қояды. Облыста туризм дамып келеді, теңіз порттары мен әлеуметтік нысандар салынуда. Осының бәрі сіздер үшін, балаларыңыз бен сіздердің болашақтарыңыз үшін жасалуда», — деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды
1/4
Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды
2/4
Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды
3/4
Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды
4/4