Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Б. Сағынтаев Павлодар облысының ЖОО, колледждері мен өнеркәсіптік кәсіпорындарының басшылығымен мамандарды даярлау мәселесін талқылады

14 қыркүйек 2018, 16:39
Павлодар облысы
Фото: primeminister.kz

Бүгін Павлодар облысына арнайы іс-сапармен барған ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Облыстық түсті металлургия колледжінде мамандардың дайындығын тексеріп, өнеркәсіптік индустрияландырудың жаңа моделіне мамандарды дайындау жөнінде жиналыс өткізді.

Павлодар өңірі ірі индустриалды орталық болғандықтан, жоғары кәсіби мамандарға бұл аймақ ерекше мұқтаж. Павлодар облыстық білім беру басқармасының басшысы Д. Болатханұлының айтуынша, аймақта 2017 жылдан бастап металлургия саласының мамандарын дайындауға арналған арнайы бағдарлама жүзеге асып жатыр. Мысалы, Алюминий зауыты базасында жақсы нәтиже көрсетіп жүрген жұмыскерлер арасынан болашақ басшылар дайындалады. Осылайша кәсіпорын аға буынды алмастыра алатын кадр резервін жасақтауда. Сондай-ақ, жергілікті оқу орындары кәсіпорындармен тығыз байланыста, қосарлы білім беру жүйесі бойынша тәжірибеден өтетін студенттерде кейін тұрақты жұмысқа орналасуға мүмкіндігі болады.

Премьер-Министр зертхана мен оқу сыныптарын аралап, техникалық-өндірістік базамен танысты. Колледж металлургия саласына металл жонушы, темір ұстасы, электр–газбен дәнекерлеуші мен электрмонтерларды дайындайды. Үшінші курстан бастап студенттер өндірісте жұмыс істейді. Былтыр білім ордасы 163 маманды дайындап шығарған. Олардың 97,3% жұмыспен қамтылды. Жақын арада Түсті металлургия колледжі базасында Металлургия саласының уәкілетті орталығы ашылатын болады. 

Бақытжан Сағынтаев Студенттер үйінің тыныс-тіршілігімен де танысты. Колледж директоры А. Болдашевскийдің айтуынша, 200 адамға шақталған ғимарат 2017 жылы пайдалануға берілген. Студенттер үшін бар жағдай жасалған, тіпті жаттығу залы мен хореография залы қарастырылған. 

Білім ордасының жұмысын қараған соң Премьер-Министр жоғары оқу орындары, колледж бен кәсіпорын басшылары және студент жастармен өнеркәсіптік индустрияландырудың жаңа моделіне мамандарды дайындау мәселесі бойынша жиналыс өткізді.

Жиын барысында техникалық саладағы кәсіби мамандарды даярлау, елімізде қолға алынып жатқан цифрландыруды дамыту кезенінде жұмыскерлерді қайта оқыту, колледждердің беделін көтеру, сонымен қатар төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы еңбек нарығының қазіргі жағдайы мен болашағы талқыланды.

Кездесуге қатысушылар ел экономикасын дамыту үшін жаңа зауыттардың құрылысы мен инвестициялардың тартылуымен қатар, жоғары білікті мамандарды даярлаудың қажеттілігін атап өтті. Жастарды шынайы экономикаға тартудың маңызды тетіктерінің бірі — техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКББ).

Павлодар облысының әкімі Б. Бақауовтың айтуынша, бұл өңір — көп салалық индустриялық кешен. Таяу келешекте 14 ірі инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған, ол 4 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, облыста білікті әрі бәсекеге қабілетті мамандарды даярлайтын ТжКББ жүйесін жаңғырту үдерісі басталды. Бүгінде 17 мың жас азамат тегін техникалық және кәсіптік білім алу мүмкіндігіне ие болды», — деді облыс әкімі.

Оның айтуынша, облыстың 45 колледжінде 46 мамандық бойынша қосарлы білім беру жүйесі іске қосылған. Облыстың кәсіпорындарымен ынтымақтастық туралы келісімшарттарға қол қойылып жатыр. Тікелей кәсіпорында өткізілетін оқу уақыты 80%-ға ұлғайтылды. Сонымен қатар, ТжКББ жүйесін жаңғырту аясында колледждерді сенімді басқаруға беру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Б. Бақауовтың айтуынша, осылайша бірнеше міндет орындалады: экономиканың шынайы секторын білім беру саласына тарту, колледждердің инфрақұрылымы мен базасын сақтау және көбейту.

Кездесу барысында бейінді министрліктердің өкілдері де сөз сөйледі. Білім және ғылым министрі Е. Сағадиев білім беру жүйесін дамыту туралы баяндады. Атап айтқанда, ЖОО-ларға академиялық еркіндік беру, колледждерді бір бағытқа бейіндеу және қосарлы білім беру жүйесін дамыту мәселелерін қозғады. Өз кезегінде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М. Әбілқасымова еңбек ресурстарының көшуін басқаруға қатысты сөз сөйледі.

М. Абылкасымова

«Біз Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес еңбек ресурстарының ағынын басқару жөнінде кешенді жол карталарын әзірлеуге кірістік. Бүгінде еліміздің ірі кәсіпорындарымен жұмыс жүргізіліп жатыр. Павлодар облысында 19 кәсіпорынмен карталарға қол қойылды, облыстың 9-ға жуық кәсіпорны өндірісті жаңғыртуды жоспарлап отыр», — деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

Сондай-ақ, кездесу барысында ірі кәсіпорындардың өкілдері сөз сөйледі. «Қазақстан алюминийі» АҚ президенті Р. Романов жастардың кәсіпорында дағдыларды үйренуі мен жұмысқа орналасуы туралы айтып берді. Қызыл әскер аграрлық-техникалық колледжінің директоры С. Жартыбаев ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша мамандарды даярлаудың басым бағыттары туралы сөз сөйледі. Қызыл әскер аграрлық-техникалық колледжінің жетекшісі А. Поляков, Павлодар мұнай-химия зауытының әлеуметтік мәселелер жөніндегі бас директорының орынбасары А. Имантаева қосарлы білім беру жүйесі бойынша студенттерді оқыту аясында колледждермен ынтымақтасу туралы айтып берді.  

ТжКББ бағдарламасы аясында практикадан өту кезінде жинаған тәжірибелерімен және өздерінің ойларымен Павлодар түсті металлургия колледжінің түлектері Т. Күлемшатов пен А. Маговьянов бөлісті.

А. Прейманис

ТжКББ жүйесін енгізіп жатқан кәсіпорындардың инвестициялық тартымдылығы туралы Еуропа қайта құру және даму банкінің басшысы А. Прейманис түсініктеме беріп өтті.

Б. Сағынтаев Павлодар облысының ЖОО, колледждері мен өнеркәсіптік кәсіпорындарының басшылығымен мамандарды даярлау мәселесін талқылады
1/7
Б. Сағынтаев Павлодар облысының ЖОО, колледждері мен өнеркәсіптік кәсіпорындарының басшылығымен мамандарды даярлау мәселесін талқылады
2/7
Б. Сағынтаев Павлодар облысының ЖОО, колледждері мен өнеркәсіптік кәсіпорындарының басшылығымен мамандарды даярлау мәселесін талқылады
3/7
Б. Сағынтаев Павлодар облысының ЖОО, колледждері мен өнеркәсіптік кәсіпорындарының басшылығымен мамандарды даярлау мәселесін талқылады
4/7
Б. Сағынтаев Павлодар облысының ЖОО, колледждері мен өнеркәсіптік кәсіпорындарының басшылығымен мамандарды даярлау мәселесін талқылады
5/7
Б. Сағынтаев Павлодар облысының ЖОО, колледждері мен өнеркәсіптік кәсіпорындарының басшылығымен мамандарды даярлау мәселесін талқылады
6/7
Б. Сағынтаев Павлодар облысының ЖОО, колледждері мен өнеркәсіптік кәсіпорындарының басшылығымен мамандарды даярлау мәселесін талқылады
7/7