Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Бақытжан Сағынтаев Павлодар облысының кәсіпкерлерімен бизнесті дамыту келешегін қарады

14 қыркүйек 2018, 19:21
Павлодар облысы
Фото: primeminister.kz

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Павлодар облысына жұмыс сапары аясында Мемлекет басшысының бизнес ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысымен танысты.  

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінің мүшелерімен кездесу барысында облыста бизнесті дамыту, инвестициялар тарту және отандық өнімдер мен қызметтердің экспортқа бағдарлануын жетілдіру мәселелері талқыланды.

«Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Э. Жұмағазиев өңірлік бизнесті дамыту мәселесі туралы баяндама жасады. Жаппай кәсіпкерлікті дамыту және өңірдегі экспортқа бағдарланған тауар өндірушілерді қолдау, сондай-ақ, өңірдің бизнесті дамыту бойынша қолда бар қорлары, атап айтқанда, импортты алмастыру келешегі туралы ақпарат берілді.

«Атамекен» ҰКП өңірлік кеңесінің атынан төраға О. Крук сөз сөйледі, ол сауда қатынастарын реттеуді жетілдіру мәселелеріне тоқталып өтті.  

Кәсіпкерлер өзекті мәселелерді қозғап, өңірде бизнес жүргізуге тосқауыл болатын әкімшілік кедергілерді одан әрі төмендетуге қатысты шаралар ұсынды. «Railways systems KZ» ЖШС бас директоры А. Хачатурян қызметтер мен тауарлар ақысын төлеу жүйесін жетілдіру мәселелері туралы айтып берді. «Forwoll Group» КТ Директорлар кеңесінің төрағасы В. Литуев арнайы экономикалық аймақ аумағында салық режимін жетілдіру туралы ұсыныстарын білдірді. «Қазэнергокабель» АҚ құрылтайшысы В. Бобров өнеркәсіптік кәсіпорындарға қолдау көрсету шараларын кеңейту туралы баяндады. «Галицкое» ЖШС ауыл шаруашылығы кәсіпорнының директоры А. Касицын ветеринарлық қауіпсіздік мәселелерін қозғады. «БНКА Энерджи» ЖШС техникалық директоры Ж. Әлдебергенов энергетикалық инфрақұрылым құрылысына шетелдік инвестициялар тарту мәселесін көтерді.

Еуропа қайта құру және даму банкінің басшысы А. Прейманис өз сөзінде инвестициялық ахуалды жақсарту үшін ШОБ дамыту өте маңызды екенін атап өтті. Сондықтан да, ШОБ-ты цифрландыру дағдыларын дамытуға және енгізуге ерекше көңіл бөлу керек.

«ЕҚҚДБ бүгін Павлодар облысының шағын және орта компанияларымен жұмыс істейді. "Даму" қоры арқылы дағдыларды дамыту, шетелдік инвесторлардың кеңесі маңызды болып қалуы керек. Себебі, импортты алмастыру мәселесінде субсидиялаудың да мәні зор. Дегенмен, біз шығарып отырған өнімнің сапасы шетелдік талаптарға қаншалықты сай келетінін түсіну керек. Бұл орайда шетелдік инвесторларды тарта отырып, қолданыстағы саясатты жалғастырғанымыз жөн», — деді А. Прейманис.

Премьер-Министрдің орынбасары А. Жұмағалиев ШОБ саласының цифрлануын дамыту, сондай-ақ, оның еңбек өнімділігін арттыруға әсері туралы түсініктеме беріп өтті.

Еске сала кетейік, Елбасы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауында стратегиялық мақсатымыздың бірі — елдің ЖІӨ шағын және орта бизнестің үлесі 2050 жылға қарай кем дегенде 50% болуын қамтамасыз ету екенін атап өтті. Аталған міндетті шешу үшін Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы іске асырылып жатыр. Шағын несие беру ауқымы кеңейтілді, жаппай кәсіпкерлікті қолдау құралдары жетілдірілуде. Қалаларда шағын несие берудің жалпы портфелі өткен жылдың қаражаттарын ескергенде 24,3 млрд тг құрайды. Олардың ішінде 2017 ж. — 11,9 млрд тг, 2018 ж. — 12,4 млрд тг, оның ішінде 6,1 млрд тг — Президенттің «Бес әлеуметтік бастамасы» аясында қосымша бөлінген.

Бұдан өзге, Үкімет «Атамекен» ҰКП бірлесіп, бизнестегі барлық шығын түрлерін төмендету бойынша бірқатар шараларды қабылдады. Мемлекеттің экономикадағы үлесін ЖІӨ 15% дейін, ЭЫДҰ елдерінің деңгейіне дейін төмендету жұмыстары жалғасып жатыр. Осы жылдың І жарты жылдығының қорытындысы бойынша Кешенді жоспардың 887 нысанының 502 нысаны қойылды, оның 421-і 216 млрд теңгеге сатылды. 266 нысан қайта ұйымдастыру және тарату сатысында тұр. Осылайша, қайта ұйымдастырылатын және таратылатын нысандарды қоса есептегенде, Кешенді жоспардың орындалуы 77,4% құрайды. Сонымен қатар, мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті кеңейту жұмыстары да жүргізіліп жатыр.

Бақытжан Сағынтаев Павлодар облысының кәсіпкерлерімен бизнесті дамыту келешегін қарады
1/6
Бақытжан Сағынтаев Павлодар облысының кәсіпкерлерімен бизнесті дамыту келешегін қарады
2/6
Бақытжан Сағынтаев Павлодар облысының кәсіпкерлерімен бизнесті дамыту келешегін қарады
3/6
Бақытжан Сағынтаев Павлодар облысының кәсіпкерлерімен бизнесті дамыту келешегін қарады
4/6
Бақытжан Сағынтаев Павлодар облысының кәсіпкерлерімен бизнесті дамыту келешегін қарады
5/6
Бақытжан Сағынтаев Павлодар облысының кәсіпкерлерімен бизнесті дамыту келешегін қарады
6/6