Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Алматыға барды

04 қыркүйек 2018, 16:35
Фото: akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қ. жұмыс сапары кезінде қайта жасақталған көшелерді тексеріп, индустриялық аймаққа, қаланың өнеркәсіптік кәсіпорындарына барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазақстан Президенті Алматы қаласына жұмыс сапары барысында жаяу жүргіншілер мен велосипедшілер үшін инфрақұрылымы қайта жасақталған Абай және Нұрсұлтан Назарбаев даңғылдарын аралап көрді.

Қала әкімі Бауыржан Байбек Мемлекет басшысына шаһар тіршілігін сәулет-құрылыс жүргізу тұрғысынан реттеу үшін пилоттық режімде енгізілген жаңа дизайын-код әдісі жөнінде мәлімдеді. Бұл әдіс мегаполистің бірыңғай стилін қалыптастыруға арналған әрі бір құжатта нақтыланған ережелер мен ұсынымдарды айқындайды.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев жалпы ұзындығы 8,7 шақырымды қамтитын Тимирязев және Жандосов көшелерінің бойымен тартылған BRT көше-жол желісімен танысты.

Алматы қаласының индустриялық аймағын аралау барысында Қазақстан Президентіне Алматы қаласының индустриялық аймағындағы жұмыс нәтижелері мен оны дамытудың перспективалық жоспарлары жөнінде мәлімделді.

Нұрсұлтан Назарбаев жоғары технологиялы ток өткізгіш кабель өнімдерін шығаратын «КМК Investment» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірістік циклімен, сондай-ақ дайын өнім үлгілерімен танысты.

Кәсіпорын жұмысшыларымен әңгімелескен Елбасы өндірісте еуропалық сапаға сай бәсекеге қабілетті өнім шығаруға мүмкіндік беретін заманауи технология мен құрылғылар қолданудың маңыздылығын атап өтті.

Мемлекет басшысы «Tokyo Rope Almaty» жауапкершілігі шектелу серіктестігінің зауытында металл габион торын жасайтын автоматтандырылған өндіріспен танысып, дайын өнім үлгілерін көрді.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев «Falcon Eurobus» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды. Мемлекет басшысы зауыт жұмысы жөніндегі баяндаманы тыңдап, үшінші буын саналатын электрлі автобустар жасау өндірісінің технологиялық үдерісімен танысты.

Бұл жобаны іске асыруға 15 млрд теңге көлемінде жеке инвестиция тартылды. Оған мемлекеттік қолдау арқылы Алматы қаласының әкімдігі тарапынан жер телімі бөлінген және 2 млрд теңгеге сумен қамту және электр желілері тартылған. Өнімділік қуаты жылына 100 электрлі автобус шығаратын зауыт 1 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтиды.

Бұдан кейін Қазақстан Президенті «Алматы Бас жоспары» ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды. Елбасысы қаланы тиімді басқаруға арналған ауқымды мәліметтер (Big Data) платформасын қамтитын ахуалдық орталықтың жұмысымен танысты. Қаланың 10 жүйесі мен республикалық жүйенің бірігуі шаһардағы автотрафик, қоғамдық көліктегі жүргіншілер ағынының күнделікті көлемі, мектептер мен балабақшалардың жүктемесі, қылмыстық ахуал жөніндегі мәліметтерді талдауға, сондай-ақ бюджеттің орындалуына мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевқа Алматының голографикалық макеті үлкейтуге, имитациялауға және мегаполистегі түрлі үдерістерді модельдеуге мүмкіндігі бар 3D-проекция түрінде таныстырылды.

Қазақстан Президенті «Алматы Бас жоспары» ғылыми-зерттеу институтын аралап көрген соң Алматы қаласын одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Алматыға барды
1/3
Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Алматыға барды
2/3
Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Алматыға барды
3/3