Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев СҚО-да су тасқыны қауіптерін ескерту мәселелерін қарады

20 шілде 2017, 18:50
Солтүстік Қазақстан облысы
Фото: primeminister.kz

СҚО Заречный ауылының тұрғындарымен кездесу барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жергілікті атқарушы және жауапты мемлекеттік органдардың қатысуымен облыста су тасқыны қауіптеріне жол бермеу бойынша қабылдануы тиісті шараларды талқылады.

Президент Н. Назарбаевтың тапсырмасымен, Үкімет елді мекендердегі су басудың алдын алу мен оны ескерту жұмыстарын жүргізіп жатыр.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ. Ақсақаловтың, ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Ю. Ильиннің, ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің төрағасы И. Әбішовтың баяндамаларын тыңдады.

Кездесу барысында Петропавл әкімі М. Тасмағанбетов, Қызылжар және Ғ. Мүсірепов атындағы аудандардың әкімдері Б. Жұмабеков пен В. Дудов, сонымен қатар Заречный ауылы мен облыс орталығының тұрғындары И. Брюхова мен Қ. Құрымбаев сөз сөйледі.

Аталған мәселені қарау нәтижесінде су тасқыны қауіптерінің алдын алу мен оларды ескерту бойынша нақты шаралар қалыптастырылды. Облыста Петропавл қаласының Кожевенный ауылындағы қорғаныс бөгеті қайта жөнделеді. Бұдан өзге, «Горькое көлі» мен «Биотоған» су жинауыш тоғандарының бөгеттері жөнделеді, Қамыстысай, Есіл, Сілеті өзендерінің арналары тазартылады.