Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қарағандыдағы нан-тоқаш өнімдерін шығаратын зауытқа барды

28 шілде 2017, 10:40
Қарағанды облысы

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында «Сарыарқа Нан Қарағанды» ЖШС кәсіпорнына барды, онда нан-тоқаш өнімдері өндірісінің технологиялық ерекшеліктері мен инновациялық шешімдерімен танысты.

Нан пісіріп шығаратын зауыттың бас директоры Айгүл Бүрленова өндірісте қолданылатын технологиялар мен кәсіпорынның келешектегі жоспарлары туралы айтып берді. Өндіріс орны ұнды ыдыссыз сақтау орны, су өңдейтін бөлмесі, кондитерлік цех пен қалыпты нан пісірілетін туннельдік пеші бар кешеннен тұрады. Бұдан кейін Бақытжан Сағынтаевқа зауыт шығаратын нан-тоқаш өнімдерінің көрмесі көрсетілді.  

Анықтама:

«Сарыарқа Нан Қарағанды» ЖШС кәсіпорны 2017 жылғы 4 ақпанда іске қосылған. Үздіксіз өндірістік қарқынмен жұмыс істейтін нан шығаратын жаңа зауыт өндірістің заманауи энергия үнемдеуші еуропалық жабдығымен қамтамасыз етілген. Қазіргі таңда мұнда 1 800 тоннадан астам нан өнімі шығарылған.