Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Бақытжан Сағынтаев атқарушылық тәртіп бойынша арнайы кеңес өткізуді тапсырды

11 қыркүйек 2018, 10:53
Астана
Фото, бейне: primeminister.kz

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев қыркүйек айының соңына қарай өңірлердің, банктердің, бизнес пен квазимемлекеттік сектордың қатысуымен атқарушылық тәртіп жөнінде арнайы кеңес өтетінін айтты.

Бұл тапсырма Ұлттық экономика министрлігіне, мүдделі мемлекеттік органдар мен Премьер-Министрдің Кеңсесіне тапсырылды.

«Негізгі мәселе – Президент тапсырмаларынның орындалу барысы, әсіресе – сессияның ашылуында берілген тапсырмалар, Президенттің Бес әлеуметтік бастамасы бойынша тапсырмалар. Тимур Мұратұлы, тапсырмалардың орындалу сапасы, проблемалар мен оларды шешу жолдары бойынша егжей-тегжейлі талдау қажет», — деді Премьер-Министр. 

Еске сала кетейік, Үкімет отырысында еліміздің 2018 жылдың сегіз айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы мен республикалық бюджеттің атқарылуының қорытындылары туралы орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары баяндады.

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов осы жылдың қаңтар–тамыз айларында Қазақстан экономикасының оң өсу үрдісі сақталып отырғанын айтты. Сонымен бірге, экономикалық даму әлемдік нарықтардағы сын-тегеуріндер мен құбылмалылықтардың күшеюі жағдайында жүріп жатыр.

«Есепті кезеңде ЖІӨ өсуі 3,8% құрады. ЖІӨ өсімі бойынша 4% мақсатқа жету үшін, ай сайынғы өсімді ағымдағы жылдың соңына дейін орта есеппен 4,2% деңгейінде қамтамасыз ету қажет», — деді Т. Сүлейменов.


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз