Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Денсаулық сақтау министрлігі өңірлерде денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту мен жаңғырту тәсілдерін мәлім етті

05 ақпан 2019, 11:32
Фото: primeminister.kz

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кезекті отырысында денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарларын іске асыру барысы қаралды. Атқарылып жатқан жұмыстар туралы денсаулық сақтау вице-министрі А. Цой баяндады.

2016–2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту бойынша жобаны іске асыруда. Жобаның үш негізгі міндеті бар, бұл: инфрақұрылымды жоспарлауды жүйеге келтіру; алғашқы медициналық көмектің қолжетімділігін және сапасын басымдықпен арттыру және медициналық көмектің пациентке бағдарланған қамтамасыз ету мақсатында денсаулық сақтау ұйымдары желісінің конфигурациясын өзгерту; инвестицияларды тарту арқылы инфрақұрылымды жаңғырту.

Денсаулық сақтау вице-министрі А. Цойдың айтуынша осы іс-шаралар шеңберінде 2025 жылға дейін мынадай индикаторлар айқындалған:

  • 17 өңірлік перспективалық жоспардың негізінде инфрақұрылымды дамытуды жоспарлау;

  • жалпы практика дәрігерінің жүктемесін 1500 қызмет көрсетілетін халыққа дейін төмендету және жалпы практика дәрігерлерінің учаскелерін 10 учаскеге 1 объектке дейін шағындау;

  • қалаларда орташа қуаты 500 төсекке дейінгі ірі медициналық кластерлерді құра отырып, ауруханалық секторды оңтайландыру;

  • 1,3 трлн теңге сомасында инвестицияларды тарту және денсаулық сақтау саласындағы инвестициялардың жалпы көлемінен жекеше инвестициялардың үлесін 60%-ға дейін жеткізу.

Бірінші міндет бойынша әрбір өңірдің қажеттілігі мен басымдықтарына сәйкес желінің жаңартылған нормативтін ескере отырып, жоспарлаудың жаңа жүйесі іске асырылуда. Аталған жұмысты 2019 жылдың ІІІ тоқсанда аяқтау көзделген.

«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2018 жылға бір жалпы практика дәрігерінің жүктемесін 1 750 адамға дейін азайту бойынша көрсеткіш белгіленген. 2018 жылдың қорытындысы бойынша іс жүзіндегі жүктеме орташа 1 773 адамды немесе жоспардан 85%-ды құрады. 10 өңірде дәрігердің жүктемесін төмендетудің жоспарланған көрсеткішіне қол жеткізілді. Бұған 165 нысанды пайдалануға беру арқасында қол жеткізілді (2018 жыл).

Мемлекет басшысының 2019 жылғы 30 қаңтардағы ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасын орындау аясында Министрлік өңірлермен бірлесіп амбулаториялық-емханалық ұйымдардың, жедел жәрдем станцияларының, стационарлардың шұғыл қызметтерінің, сондай-ақ ауылдық ауруханалық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізуде.

А. Цой 2018 жылы моно-бейінді ауруханаларды көп бейінді ауруханаларға біріктіру бойынша перспективалық жоспарлардың іс-шараларын өңірлер 81%- ға орындағанын айтты. 94 моно-бейінді ұйымды оңтайландыру арқылы орташа төсектік қуаты 415 төсек болатын 35 көпбейінді кластер құрылды. Бұл жалпы республика бойынша орташа төсек қуатының 265 төсекке дейін ұлғаюына әкелді.

Үшінші міндет бойынша ҚР Статистика комитеттің алдын ала деректері бойынша, ағымдағы жылғы 1 қаңтардағы ахуал бойынша денсаулық сақтау саласына салынған инвестициялар көлемі

119 млрд теңгені құрады, ал жоспар бойынша — 96,1 млрд теңге. Жеке инвестициялар үлесі 7,8 млрд теңгеге өседі деп күтілуде. 2025 жылға дейін перспективалық жоспарларда өңірлердің әкімдіктері 1 трлн теңге жалпы сомасына МЖӘ 201 жобасын салуды жоспарлап отыр, оның ішінде тозған 61 ауруханалық ұйымның орнына 17 ірі көпбейінді аурухана салу көзделген.

Денсаулық сақтау вице-министрі қазіргі уақытта 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне көшу бағытында ауқымды жұмыс атқарылғанын атап өтті. Оған дейін халықты сапалы медициналық қызметтермен қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдай жасайтын тиісті инфрақұрылым дайындалады.

2019 жылғы сәуірдің соңына дейін перспективалық жоспарларды өзектендіруді және уақытылы жүзеге асыруды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу жағдайында көп бейінді ұйымдарға біріктіру процесін жеделдету қажет. Бұдан өзге, 2019 жылы алғашқы медициналық-санитариялық көмек объектілеріне күрделі жөндеу жүргізу және қажет болған жағдайда МСАК объектілерін, бірінші кезекте ауылда салу керек. Қалаларда өңірлік перспективалық жоспарларға сәйкес бекітілген халықтың тұратын жерінен «жақын» орналасқан дәрігерлік практиканың шағын орталықтарын құруды қамтамасыз ету қажет.

Еліміздің өңірлерінде медициналық инфрақұрылымды жаңғырту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы Павлодар облысының әкімі Б. Бақауов, Маңғыстау облысының әкімі Е. Тоғжанов, Ақтөбе облысының әкімі Б. Сапарбаев, Қарағанды облысының әкімі Е. Қошанов, Шымкент қаласының әкімі Ғ. Әбдірахымов баяндады.


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз