Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

ДСӘДМ-нің бюджеті 2017 жылға 3 трлн 104 млрд теңгеге жоспарланған

11 қазан 2016, 17:38
Фото: Официальный сайт Премьер-Министра РК

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі 2017 жылға 3 трлн 104 млрд теңге көлеміндегі бюджетті жоспарлап отыр. Бұл туралы ҚР Парламеті Мәжілісіндегі отырыс барысында ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов хабарлады.

«Министрліктің үш жылдық бюджет жобасы министрліктің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес құрастырылған. 2017 жылдың стратегиялық жоспарының бағыттарын жүзеге асыру үшін 3 трлн 104 млрд теңге бөлу қарастырылған, ол ЖІӨ қатынасына сәйкес 6,4%-ды құрайды, ал мемлекеттің республикалық бюджетінде 40%-ды құрайды. Оның 3 трлн 47 млрд теңгесі – бұл ағымдағы бағдарламалар, ал 57 млрд теңге – даму бюджеті», - деп мәлімдеді вице-министр.

2018 жылға - 3 трлн  457 млрд теңге, 2019 жылға - 3 трлн 947 млрд теңге қарастырылған.

Вице-министр айтып өткендей, ДСӘДМ-нің шығындары екі бағытқа бөлінеді: бұл денсаулық сақтау саласы - 2017 жылғы шығындар 1 трлн 14 млрд теңгені (32,7%) құрайды, және әлеуметтік еңбек саласы - 2 трлн 90 млрд теңге (67,3%).

«Денсаулық сақтау саласында айтарлықтай үлкен шығын үлесі (90%) кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемін көрсетуге тиесілі - 915 млрд теңге. Денсаулық сақтауға жұмсалатын қалған қаржы кадрларды дайындау, медициналық кадрлардың біліктіліктерін арттыру, күрделі қаржы шығыны, денсаулық сақтау нысандарын құрастыру мен сейсмикалық күшейтуге бағытталады», - деді Б. Нұрымбетов.

Әлеуметтік еңбек саласында 96 пайыз немесе 1 трлн 998 млрд теңгені жәрдемақы мен зейнетақы әлеуметтік төлемдері, сондай-ақ, зиянның орнын толтыру құрайды.

ДСӘДМ-нің бюджеті 2017 жылға 3 трлн 104 млрд теңгеге жоспарланған
1/3
ДСӘДМ-нің бюджеті 2017 жылға 3 трлн 104 млрд теңгеге жоспарланған
2/3
ДСӘДМ-нің бюджеті 2017 жылға 3 трлн 104 млрд теңгеге жоспарланған
3/3