Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

2020 жылға қарай Қазақстанның барлық тұрғындары электронды денсаулық паспорттарымен қамтамасыз етіледі — Е. Біртанов

04 қыркүйек 2018, 12:55
Астана
Фото, бейне: primeminister.kz

Бүгінгі таңда жергілікті, облыстық, медициналық, ақпараттық жүйелерде 11 млн дербес жазба сақталған. Бұл туралы ҚР Үкіметі отырысының қорытындысы бойынша өткен брифинг барысында денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов хабарлады.

Электронды паспорттар медициналық ақпараттық жүйелер ұяшықтары түрінде болады, мұнда қандай да бір емханаға бекітілген әрбір азаматтың деректері сақталады.

«Бүгінде барлық 17 өңір бойынша, оның ішінде емханаларда қағазсыз құжат жүргізуге көшу жұмыстары жүріп жатыр. Медициналық ұйымдардың 97%-ында ақпараттық жүйелер орнатылған және біртіндеп электронды паспорттар қалыптастырылуда», — деді денсаулық сақтау министрі.

Е. Біртановтың айтуынша, бүгінгі таңда 11 млн дербес жазба сақталған.

«Қазан айында біз орталық платформаны, яғни Денсаулық сақтау министрлігінің орталық серверін іске қосуды жоспарлап отырмыз, онда барлық паспорттар аударылады және көшіріледі. Осылайша, деректер бірыңғай сақталып отырады және адам басқа аймаққа көшіп кетсе де, туған кезінен бастап дарлық деректер, медициналық көмекке жүгінгені, жедел жәрдем шақырғаны, емханаларда тексерілуі сақталып, барлығы бір электронды паспортпен жүргізіледі. Бұл – денсаулық жағдайының өмір бойы сақталатын тарихы деуге де болады», — деп түсіндірді Е. Біртанов.

Министр атап өткендей, 2020 жылға қарай Қазақстанның барлық азаматтарын жүз пайыз қамту жоспарлануда, яғни ел халқының барлығында осындай жазба болады.

«Бұдан өзге, біз бұл деректердің қауіпсіздігіне жауапкершілікті және азаматтардың медицина қызметкерлеріне ақпаратты беру құқықтарын заңнамалық түрде белгілейміз», — деді ол.

Өз кезегінде Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қ. Надыров бүгінгі таңда 1,65 млн-нан астам адам қала емханаларына тіркелгенін, оның 93%-ында электронды денсаулық паспорты бар екенін айтып өтті.

«Денсаулық сақтау жүйесінде цифрландыру аясында ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қаланың барлық медицина ұйымдары 100% ақпараттық жүйелермен, компьютерлермен жабдықталған. 80 мыңнан астам медициналық құжаттар цифрландырылды, яғни басталған денсаулық паспорттары күн сайын жаңартылып отырады, осылайша медициналық қызметтердің сапасын жақсартуға көмектеседі», — деді Қ. Надыров.


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз

2020 жылға қарай Қазақстанның барлық тұрғындары электронды денсаулық паспорттарымен қамтамасыз етіледі — Е. Біртанов
1/4
2020 жылға қарай Қазақстанның барлық тұрғындары электронды денсаулық паспорттарымен қамтамасыз етіледі — Е. Біртанов
2/4
2020 жылға қарай Қазақстанның барлық тұрғындары электронды денсаулық паспорттарымен қамтамасыз етіледі — Е. Біртанов
3/4
2020 жылға қарай Қазақстанның барлық тұрғындары электронды денсаулық паспорттарымен қамтамасыз етіледі — Е. Біртанов
4/4