Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Қазақстанда «медбике ісін» ЖОО-дарында оқытады – Т.Дүйсенова

24 маусым 2016, 18:54

Қазақстанда медициналық медбикелерді финдік моделі бойынша жоғары оқу орындарында оқытады, деп мәлімдеді Министрлік жанындағы азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңес алдында есеп берген ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрi Тамара Дүйсенова.

«Медициналық колледждерге келетін болсақ: соңғы 3 жылда бізде финдік әріптестер жұмыс істеді. Олар Қазақстанның барлық 64 колледжін аралады. Олар 1 қыркүйектен бастап еуропалық директив стандарттарын енгізеді», - деді Т.Дүйсенова.

Оның айтуынша, медбикелерді оқыту колледжерде ғана емес, жоғары оқ орындарында да өтеді.

«Енді медбикелердің үш санаты болады. Біріншісі – колледж бітіретін медбикелер күту жұмысымен айналысады. Екіншісі – медициналық көмек көрсететін медбикелер, бакалавриат бітіргендер – медбикелердің жоғары мектебі. Оларды медициналық колледждер дайындайды. Үшіншісі – жоғары оқу орындарында даярланатын әкімшілер. Бұл әлемдік тәжірибе де енгізілетін болады. Бұл дәрігердің кейбір функцияларын медбикелерге тапсыруға мүмкіндік берді», - деді ведомство басшысы,