Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Қазақстанда гепатиттерімен науқастану коптен төмендеген

05 тамыз 2013

2013 жылдың бірінші жартыжылдығында өткен жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткіштерімен салыстырғанда «А» гепатитімен науқастану 39%-ға, «В» гепатитімен науқастану 15%-ға төмендеді, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихаты барысында.

«Бізде «А» жәлне «В» гепатиттерімен науқастану бойынша айтарлықтай төмендеу байқалған. Осылайша, 6 айда «А» гепатитімен науқастану 39%-ға, «В» гепатитімен науқастану 15%-ға азайған», - деді ол.

Ж.Бекшиннің айтуынша, жыл сайын гепатиттердің осы түрлері бойынша науқастану 15-40%-ға төмендейді. Астанада «А» гепатитімен ауру 24%-ға, Алматыда «А» гепатиті бойынша 30%-дан астамға, ал «В» гепатиті бойынша науқастану 12%-ға азайған.

Бұдан өзге, вакциналаудың арқасында «В» гепатиті жалпы ересектер арасында 24 есеге, ал балалар арасында 52 есеге азайған.

Бас санитарлық дәрігердің мәліметінше, 21 инфекцияға қарсы иммундық профилактика жүргізуге мемлекет жыл сайын 12-15 млрд теңге бөледі.