Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Бір жыл ішінде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 80,6 млрд теңгеден астам қаржы түсті — Е. Бахмутова

17 шілде 2018, 14:26
Фото: primeminister.kz

Жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлердің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға салған аударымдары мен жарналарының жалпы сомасы 01.07.2017ж. – 01.07.2018 ж. аралығында 80,6 млрд теңгеден астам қаржыны құрады. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрайымы Е. Бахмутова ҚР Үкіметінің баспасөз конференциясы барысында мәлімдеді.

Е. Бахмутова аталған соманың 72,1 млрд теңгесі (шамамен 89,5%) жұмыс берушілердің аударымдары, 8,5 млрд теңгесі (шамамен 10,5%) — жеке кәсіпкерлердің және азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарттар бойынша жұмыс істейтін азаматтардың жарналары екенін атап өтті.

Өңірлер тұрғысынан ең көп сомалар Алматы және Астана қалаларынан, сондай-ақ Қарағанды облысынан келіп түсуде.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төлемдер жүйесінің басталғанынан бері бір жыл уақыт өтті. 01.07.2017ж. – 01.07.2018 ж. аралығын алып қарасақ, түскен қаражат мөлшері 80,6 млрд теңгеден асты. Жарналар мен аударымдар түскен қатысушылар саны 5 млн 952 мың адамды құрайды, оның ішінде жалдамалы жұмыскерлер үлесі – 5 535,6 мың адам», — деді Е. Бахмутова.

Оның айтуынша, Қор өзінің қызметін кірістер мен шығыстардың теңгерімділігі қағидаларына сәйкес жүзеге асырады. Демек, әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетіне қорға жыл сайын түсетін кірістер шегінде алдын-ала тапсырыс берілетін болады.

«Қазіргі таңда Қор тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің бағдарламаларының операторы болып табылады және тапсырыстарды орналастырады, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне бөлінетін республикалық бюджеттің трансферттері есебінен жеткізушілермен өзара әрекеттеседі. Бүгінде бұл сома 924 млрд теңгені құрайды», — деді ол.

Е. Бахмутова Қордың жинақтау жүйесі емес екенін нақтылады, бір жыл бойы келіп түскен барлық қаражат медициналық қызметтерді сатып алуға жұмсалады.

«Жүйеге қатысушы болу үшін қарастырылған жарналар мен аударымдарды төлеу қажет. Бұл аталған пакетті алу құқығын береді, қанша мөлшерде төлегеніңізге қарамастан, сіз кез-келген жағдайда жүйенің қатысушысы болып, медициналық көмек алуға тең құқылы боласыз», — деп мәлімдеді ол.

МӘМС-ке түскен барлық қаражат Ұлттық банкте сақталады, банкпен сенімді басқару туралы келісім жасалған, кейін МӘМС аясында көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге бағытталатын болады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес МӘМС пакеті аясында медициналық қызметтерді ұсыну 2020 жылы басталады.

Бір жыл ішінде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 80,6 млрд теңгеден астам қаржы түсті — Е. Бахмутова
1/2
Бір жыл ішінде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 80,6 млрд теңгеден астам қаржы түсті — Е. Бахмутова
2/2