Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы «09» қазандағы № 93-ө өкімі

Ресей Федерациясының Президенті В.В. Путиннің Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапарын дайындау және өткізу туралы

 

2015 жылғы 14-15 қазанда Ресей Федерациясының Президенті     В.В. Путиннің Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапарын (бұдан әрі – сапар) дайындау және өткізу мақсатында:

1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі сапарды дайындау
және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз
етсін.

2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен
«1+12» форматы бойынша немесе өзара түсіністік қағидаты бойынша Ресей Федерациясының ресми делегациясының мүшелеріне жоғары деңгейде қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шараларын қабылдасын, сапарды өткізуге арналған шығыстарды 2015 жылға арналған республикалық бюджетте
001 «Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер», 003 «Республикалық деңгейде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы» және 004 «Азаматтардың жекелеген санаттарына медициналық көмек көрсету» бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

  1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ресей Федерациясының ресми делегациясы мүшелерінің Астана қаласының әуежайында, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.
  2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі белгіленген тәртіппен:

1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Ресей Федерациясының Президенті В.В. Путиннің арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшып өтуін, Астана қаласының әуежайында қонуын және одан ұшып шығуын;

2) Астана қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, оның тұрағын және жанармай құюды;

3) сапарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

  1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың атынан Ресей Федерациясының Президенті В.В. Путиннің құрметіне берілетін қабылдау (бейресми қабылдау) кезінде концерттік бағдарламалар ұйымдастыруды және іс-шараларға қажетті техникалық қолдау көрсетуді (дыбыстық, жарықтық қамтамасыз ету және сахнаны безендіру) қамтамасыз етсін.
  2. Астана қаласының әкімдігі Ресей Федерациясының ресми делегациясын әуежайда қарсы алу және шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының орындалуын, әуежайды және көшелерді безендіруді, баратын орындарға бірге жүруді, сондай-ақ мәдени бағдарламаларды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
  3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі (келісім бойынша) Ресей Федерациясының Президенті В.В. Путинді ресми қарсы алу және шығарып салу рәсімдеріне қатыссын.
  4. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (келісім бойынша) және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Ресей Федерациясының ресми делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу кезінде тиісті жәрдем көрсетуді қамтамасыз етсін.
  5. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.
  6.  

Премьер-Министр                  К. Мәсімов

 

 

Ресей Федерациясы ресми делегациясының мүшелеріне қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары

 

1. Ресей Федерациясы ресми делегациясының мүшелерін
(«1+12» форматы бойынша немесе өзара түсіністік қағидаты бойынша) және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлерін Астана қаласындағы қонақүйге орналастыру.

2. Баспа өнімдерін (бейдждер, флоутерлер, сапардың бағдарламалары, автомобильдерге арнайы рұқсаттамалар, куверттік карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.

3. Ресей Федерациясы ресми делегациясын қарсы алу және шығарып салу кезінде Астана қаласының әуежайында шай дастарханын ұйымдастыру және гүлмен безендіру.

4. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың атынан Ресей Федерациясының Президенті В.В. Путиннің құрметіне берілетін қабылдаулар (таңғы, түскі, кешкі ас), бейресми қабылдаулар, сондай-ақ техникалық үстелдер ұйымдастыру.

5. Ресей Федерациясы ресми делегациясының басшысы мен мүшелері үшін сыйлықтар мен кәдесыйлар сатып алу.

6. Техникалық қамтамасыз ету, іс-шаралар өтетін орындарды тақырыптық және гүлмен безендіру.

7. Ресей Федерациясы ресми делегациясының басшысы мен мүшелеріне, сондай-ақ бірге жүретін адамдарға көліктік қызмет көрсету.

8. Ресей Федерациясы ресми делегациясының басшысы мен мүшелеріне, сондай-ақ бірге жүретін адамдарға медициналық қызмет көрсету.

9. Астана қаласында екіжақты келіссөздер мен қабылдаулар өткізу үшін залдарды жалға алу.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу