11 Мамыр 2016, 14:17
Жер реформасы бойынша комиссия құру туралы
«Жер заңнамасының жекелеген нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 мамырдағы № 248 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Жер кодексінің нормаларын талқылау және түсіндіру әрі ұсыныстар әзірлеу үшін:
1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Жер реформасы бойынша комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу