Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы «18» желтоқсандағы № 148-ө өкімі

2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін және «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне еңбекті реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

1. Қоса беріліп отырған 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін және «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне еңбекті реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

2. Мемлекеттік органдар:

1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

 

Премьер-Министр                                                                 К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу