Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы «20» сәуірдегі № 30-ө өкімі

Өңірлік ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына және «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар сыныптамасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі №756 қаулысына сәйкес:

Қарағанды облысының Абай, Ақтоғай, Бұқар жырау, Жаңаарқа, Қарқаралы, Нұра, Осакаровка, Ұлытау, Шет аудандарында, Саран және Шахтинск қалаларында орын алған су тасқыны өңірлік ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай деп жариялансын.

Премьер-Министр         К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу