Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы «22» сәуірдегі № 32-ө өкімі

«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» 2015 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

1. Қоса беріліп отырған «Мемлекеттік жастар саясаты туралы»  2015 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі  (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі:

1) тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының жобаларын Қазақстан Республикасының Үкіметіне қарауға енгізсін;

2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

Премьер-Министр                 К. Мәсімов   

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу