Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы «23» маусымдағы № 56-ө өкімі

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын шектеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын шектеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

2. Жауапты орталық мемлекеттік органдар:

1) тізбеге сәйкес тиісті нормативтік құқықтық актілерді белгіленген тәртіппен әзірлесін және қабылдасын;

2) 2015 жылғы 30 маусымға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі 2015 жылғы
10 шілдеге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне осы өкімнің орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.

4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.

                                     

Премьер-Министр             К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу