Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы «28» сәуірдегі № 38-ө өкімі

Өңірлік ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына және «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі №756 қаулысына сәйкес:

Ақмола облысының Аршалы, Астрахан, Атбасар, Бұланды, Ерейментау, Қорғалжын, Целиноград, Шортанды аудандарында қалыптасқан су тасу жағдайы өңірлік ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай деп жариялансын.

Премьер-Министр                       К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу