Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы «31» қаңтардағы № 5-ө өкімі

Көші-қон процестерін реттеу шараларының кешені жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы

Көші-қон процестерін реттеу бойынша шаралар кешеніне қатысты ұсыныстар әзірлеу мақсатында:

1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, жетекшісі;

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі, жетекшінің орынбасары;

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары, хатшы;

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер бірінші вице-министрі;

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары;

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі;    

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі;

Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі;

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі;

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кірістер комитеті төрағасының орынбасары;

Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі;

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздіккомитеті төрағасының орынбасары(келісім бойынша);

«Сырбар» сыртқы барлау қызметі директорының бірінші орынбасары (келісім бойынша).

2. Жұмыс тобы 2015 жылғы 10 ақпанға дейінгі мерзімде көші-қон процестерін реттеу шараларының кешені жөнінде ұсыныстар әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.

3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Б.М. Сапарбаевқа жүктелсін.

 

Премьер-Министр                                                              К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу