ҚР АШМ: суармалы жерлерді суару суымен тұрақты қамтамасыз ету үшін негізгі шаралар жүргізілді

 

Бұл туралы Қазақстанның ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев ҚР Үкіметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.

Е. Нысанбаевтың айтуынша, қазіргі таңда су шаруашылығы ұйымдары республиканың суармалы жерлерін тұрақты суармалы сумен қамтамасыз ету үшін негізгі іс-шараларды жүргізді. Атап айтқанда, барлық су шаруашылығы объектілері тиісті көлемдегі сумен толтырылған және ауыл шаруашылығы, экологиялық және энергетикалық қажеттіліктерді ескере отырып, мүдделі тараптармен бірлесіп олардың жұмыс кестелері бекітілген.

 

 

«Биылғы болжам жаман емес. Бүгінде бізде Сырдария, Шардара су қоймасы, Көксарай контр реттеуіші бойынша жеткілікті жинақ көлемі бар. Өткен жылмен салыстырғанда Сырдария бойынша 900 млн текше метр көлемінде алда келеміз», — деді вице-министр.  

5200 млн м3 жобалық көлемі кезінде Арал-Сырдария бассейні бойынша бүгінде Шардара су қоймасы 4697 млн м3 толықтырылған (өткен жылы көлем 3903 млн м3 құрады), Көксарай контр реттеуіші бойынша көлем 1574 млн м3 құрайды, жобалық көлем — 3000 млн м3.  

Балқаш-Алакөл бассейні бойынша барлық шағын және ірі су қоймалары вегетациялық кезеңде суару суымен қамтамасыз ету үшін тиісті су көлемімен қамтамасыз етілген.

Сонымен қатар, Е. Нысанбаевтың айтуынша, қазіргі таңда қырғыз тарапымен Киров және Орто-Токой су қоймаларының 2019 жылғы суары кезеңіне арналған жұмыс режимінің кестесі бекітілді.

«Шу мен Талас – Қырғызстан аумағында орналасқан және Жамбыл облысының жерлерін сумен қамтамасыз ететін екі негізгі су қоймалары. Өткен жылы қырғыз жағы жобалық белгіге дейін дерлік жеткілікті мөлшерде алды. Еліміздің оңтүстік аймағында – Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында сумен жабдықтау мәселесі туындайды. Биыл аталған үш өңірде ешқандай мәселе орын алмауы тиіс», — деп сендірді Е. Нысанбаев.

Сондай-ақ, қырғыз тарапымен Достық арнасы арқылы Түркістан облысының Мақтаарал және Жетісай аудандарына су беру үшін электр энергиясымен тауар алмасу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу