Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов үкіметтің кезекті отырысын өткізді. Онда «Халықтық IPO» бағдарламасын жүзеге асыруға, ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалануға және мамандардың біліктілігін растау жүйесі құруға қатысты мәселелер кешені қарастырылды.

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры басқармасының төрағасы Өмірзақ Шөкеев «Халықтық IPO» бағдарламасын жүзеге асыру аясында қор нарығында «ҚазТрансОйл» АҚ (ҚТО) акциялар пакетін орналастыру жоспары туралы мәлімдеді.

Қор басшысы ұлттық компанияның акцияларын орналастыру құрылымы, оның саны мен құны, сондай-ақ IPO өткізудің мерзімі туралы ақапарат берді.

«ҚТО-ның бір қарапайым акциясының құны 725 теңге тұрады. Баға халықаралық кеңесшілердің нұсқауларын ескере отырып жасалды», - деді Қор басшысы. ҚТО акцияларын бір акционерде біріктіру мүмкіндігін жоққа шығару үшін, орналастырылатын қарапайым акциялардың саны 38 463 559 дананы (10%  1 акция алынып тасталды) құрады.  

Сонымен қатар, Ө.Шөкеев акция сатып алудың тапсырыс кітабын ашу - 2012 жылдың 6 қарашасына дейін, жабу – 2012 жылдың 5 желтоқсанына дейін, ал есептеулерді жүргізу – 2012 жылдың 14 желтоқсанына дейін жоспарланып отырғанын жеткізді.  

Талқылау барысында Премьер-Министрдің орынбасары Қайрат Келімбетов «Халықтық IPO»  бағдарламасын жүзеге асыру  экономикаға инвесторлар таруға мүмкіндік беретінін және ел экономикасының одан әрі қарай дамуы үшін маңызды қадам болатынын атап айтты.

Қорытындылай келгенде, Премьер-Министр «Халықтық IPO» бағларламасын іске қосу арқылы қазақстандықтарда өз қаржыларын қазіргі заманғы қаржы институттарына инвестициялаудың мүмкіндігі пайда болады» деді. Сонымен қатар, Үкімет басшысы өңірлердің басшыларына  ел арасында бағдарламаның негізгі қағидаларын түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жандандыру туралы бірқатар тапсырмалар берді.

Үкімет мүшелері ҚР Жер ресурстарын басқару Агенттігінің төрағасы Қадырхан Отаров ұсынған пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін айналымға тарту жөніндегі шаралар кешенін талқылады.

ЖРБА 30 млн га астам  ауыл шаруашылығы жерлерін түгендеді, онда 57 әкімшілік аудан мен 5 облыстық маңызы бар қала қамтылды, 800 астам ауылдық округтер мен 67,5 мың шаруашылық нысандары тексерілді.

Қ.Отаров атап көрсеткендей, «түгендеу барысында көлемі 3 млн га шамасындағы 7 мың пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы учаскелері анықталған, олардың шамамен 400 мың га егістік жер».

Сондай-ақ, Агенттік төрағасы «жерді ауыл шаруашылық айналымына тиімді түрде тартудың әзірленіп жатқан Тұжырымдамасының аясында қосалқы қор санатындағы жерлерді пайдалану қарастырылып жатқанын»  жеткізді. ЖРБА ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымды пайдалану және оларды аумақтарды дамытудың өңірлік бағдарламаларына енгізу бойынша бірқатар шараларды әзірлемекші. Сонымен қатар, инвестициялық тартымды жерлерді игеру жөнінде де бағдарлама әзірленеді, жерлердің топырық құрамы туралы, оның ішінде ең бірінші кезекті ауыл шаруашылығы жерлері бойынша  мәліметтер базасы құрылады.

Талқылауды қорытындылай келе, Премьер-Министр «жер – өте маңызды экономикалық актив, сондықтан да оны барынша тиімді пайдалану қажет» деп басып айтты. Сонымен қатар, Үкімет басшысы уәкілетті органдарға «ауыл шаруашылығы жерлерін түгендеуді сапалы орындауды, оның есебін нақтылауды, сондай-ақ қорғалатын жерлерді пайдалануды бақылаудың тиімділігін арттыруды» тапсырды.

Отырыс барысында Білім және ғылым министрі Бақытжын Жұмағұлов мамандарға біліктілік берудің және оны растаудың тәуелсіз жүйесін құру шаралары жөнінде баяндады.

БҒМ басшысының ақпарына қарағанда «қазіргі кезде республикада біліктілікті тәуелсіз растаудың институттық моделі мен бірқатар мамандықтар бойынша біліктілік талаптары әзірленген». «Тестілеуге арналған бағдарламалық қамтамасыз ету әзірленуде және ТжКБ дамыту және біліктілік беруге арналған республикалық ғылыми-әдістемелік орталық жұмыс істеп тұр. Қазір ол АҚ айналуда, сөйтіп бәсекелес ортаға беріледі», - деп хабарлады Б.Жұмағұлов.

Бұдан басқа, БҒМ басшысы бірқатар нормативтік-құқықтық құжаттарды қабылдап және жаңадан құрылып жатқан Ұлттық біліктілік жүйесі шеңберінде мамандарды сертификаттау жүйесінің механизмін жетілдіру қажет деп санайды.