Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің төрағалағымен селекторлық режимде өткен Үкімет отырысында инвестиция тарту, АЭА –ны дамыту, сондай-ақ алдағы жылу беру маусымына дайындық мәселелері қаралды.

                    

Отырыс барысында ҚР индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау, соңғы төрт жылда Қазақстанға 170 млрд. доллар инвестиция тартылғанын, инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында инвестициялық пұрсат пакеті кеңейтілгенін, инвестициялық заңнамалар жетілдіріліп жатқанын, инвесторлармен диалогтық алаң орнатылғанын баяндады.

                    

А.Раудың айтуынша, жұмысты одан әрі жетілдіру үшін, оның ішінде ЭЫДҰ-ның негізгі нұсқаулары бойынша «10 жыл мерзімге өндірмейтін секторға заңнамалар тұрақтылығын енгізу, шетелге шығарылатын отандық инвестицияларға мониторинг жүргізу, аймақтар аумағында осы мәселелер бойынша статистикалық есеп жүргізу қажет.

Бұл шаралар инвестициялық ахуалды жақсартуға және инвестициялық бәсекеге қаблеттілікті арттыруға ықпал ететін болады.

А.Рау сондай-ақ АЭА қызметінің көрсеткіштері туралы айта келе, «тұтастай алғанда, оның жұмыс істеген кезеңі ішінде республикалық бюджеттен инфрақұрылымдар құрылысына 97,0 млрд. теңге бөлінді. Жобаларға 308 млрд. теңге жеке инвестициялар құйылған, бұл бюджеттің бір теңгесінің жеке инвестицияның 3 теңгесіне келетінін көрсетеді. 28 миллиардқа жуық теңге салықтар төленген, яғни бұл бюджеттен бөлінген қаржының үштен бірі қайтарылды деген сөз. 270 млрд. теңгенің өнімі өндірілді», - деп атап көрсетті.

Вице-министр әрбір АЭА-ның тиімді дамуына мүмкіндік беретін шараларға назар аударды. Бұл - кәсіби басқаруды жақсарту, АЭА аумақтарын жоғарғы технологиялық, жоғары қосымша құнды сапалы жобалармен толтыру, барлық АЭА-да инфрақұрылымдар құрылыстарын аяқтау мәселелері болып табылады.

Ол айтқандай, «әр АЭА бойынша жыл соңына дейін ҮИИДМБ-ны жүзеге асырудың екінші бесжылдығы міндеттерін қоса отырып орта мерзімдік даму жоспары анықталатын болады. Барлық нақты межелі жетістік индикаторлары ескерілетін болады».
Бұл мәселелер бойынша, сондай-ақ ҚР өңірлік даму вице-министрі С.Жұманғарин, «Jurong» компаниясының вице-президенті Б.Лу, Павлодар облысының әкімі Е.Арын, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А.Мырзахметов, Астана қаласы әкімінің орынбасары Қ.Сұлтанбеков сөйледі.

Қаралған мәселелерді қортындылай келе, Үкімет басшысы ұсынылған АЭА-ны дамытудағы тәсілдерді қолдап, «қатал бәсекелестік жағдайында инвестиция тарту үшін сол елдердің инвестициялық құзыреттілігі мен тартымдылығын тұрақты қадағалап отыру қажеттігіне тоқталды.

«Бұл біздің үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бойынша саясатымызды есепке алғанда айрықша көкейкесті», - деген С.Ахметов «бүгінгі талқылаулар көрсеткендей, қолданыстағы арнайы экономикалық және индустриалдық аймақтарды дамыту стратегиясы мен менеджменті елеулі түзетулерді қажет етеді», - деп атап көрсетті.

С.Ахметов инфрақұрылымдарға қомақты қаржы салынды, алайда, басқарушы компаниялар мен инвесторларды тарту бойынша жұмыс жеткіліксіз жылжып отырғанына тоқталған С.Ахметов, «әрбір АЭА мен индустриалды аймақты дамыту стратегиясын айқын анықтау қажеттігін, құрылған нысанның бәрін соңына дейін дұрыс жеткізу керектігін», атап айтты.

Үкімет басшысы сондай-ақ «бұл аймақтарда орын тепкен жобаларды негізгі салмақты жоғарғы технологиялылық, инновациялылық жобалар мен өндірістерге сала отырып іріктеу критерийлерін нақтылау» қажеттігін айтты.

Осыған орай, С.Ахметов Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдар және облыстар, Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктерімен бірлесіп инвестициялар тарту мен АЭА дамыту жұмыстарын жалғастыра беруді, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп басқарушы компаниялардың жұмысын қаржыландыру тетіктері бойынша мәселелерді пысықтауды, Өңірлік даму министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп индустриалдық аймақтарды дамыту бойынша жұмыстарды жалғастыру, сондай-ақ «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша кезекті өзгерістер пакетіне ұсыныстар дайындауды тапсырды

                    


Алдағы жылу беру науқанына дайындық мәселелері бойынша Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Б.Жақсалиев, Өңірлік даму вице-министрі С.Нокин, Төтенше жағдайлар вице-министрі Б.Смайылов, Атырау облысының әкімі Б.Ізмұхамбетов, Қостанай облысының әкімі Н.Сәдуақасов, Ақмола облысының әкімі Қ.Айтмұхамбетов, Алматы облысы әкімінің орынбасары Е.Шорманов, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Е.Көшербаев баяндады.

Мәселені түйіндей келіп, С.Ахметов «барлық өңірлерде жылу энергия көздерін жөндеу бойынша жоспарланған мерзімдік кестенің сақталмауы орын алып отыр», - деді. Үкімет басшысы осыған байланысты жергілікті атқарушы органдар тарапынан тиісті бақылаудың болмауына назар аударып, осы орайда, алдағы жылу беру науқанына уақытында дайындыққа облыс әкімдерінің тікелей жауапты екенін еске салды.

С.Ахметов барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге тиісті шаралар қабылдап, жоспарланған дайындық жұмыстары кестесіне енуді тапсырды. «Бұл мәселелерге қырқүйек-қазан айларында қайта оралып, нәтижелер бойынша тапсырылған міндеттердің орындалмауы жағдайында тиісті шаралар қолданылатын болады», - деп түйіндеді Үкімет басшысы.