Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен селекторлық режимде өткен Үкімет отырысында құрылыс саласындағы нормативтік базаларды реформалау бойынша және табиғи ресурстарды тиімді басқару мен шикізат секторынан түскен табыстарды пайдалану Тұжырымдамамалары жобалары қаралып, мақұлданды.

                   

Құрылыс саласындағы нормативтік базаларды реформалау тұжырымдамасы бойынша Өңірлік даму вице-министрі Серік Нокин баяндады. Оның айтуынша, нормативтік базаны реформалауға негізгі қағидаттар мен жалпы ұстанымдар қалыптастырылған. Қазақстанның әлемдік экономикалық жүйеге әрі қарай ықпалдасуын қамтамасыз ететін озық техникалық жүйені құру - Тұжырымдаманың негізгі мақсаты болып табылады.

                    

Оның сөзіне қарағанда, Тұжырымдаманы жүзеге асыру «жоғарғы құрылыс мәдениетін, адамдардың өмір сүру үшін жағдайларды жасау», сондай-ақ, отандық құрылыс саласын еуропалық және әлемдік экономикалық жүйелерге орнықты интеграциялау, құрылыс салалары субьектілерінің бәсекеге қаблеттілігін арттыруды қамтамасыз етуі тиіс.

Бұл мәселе бойынша сондай-ақ «ҚР индустриалдық құрылыс технологиялары» қауымдастығының төрағасы Қ. Нұрбатыровтың есебі тыңдалды.

                    

Талқылауды түйіндей келе, С.Ахметов ұсынылып отырған Тұжырымдаманың маңыздылығын атап, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «құрылыс саласындағы жаңа нормативтік-құқықтық базаны реформалау Тұжырымдамасы біздің еліміздің жаңа әлемдік стандарттарға, әсіресе құрылыстың сапасы мен қауіпсіздігіне көшуге елеулі әсер ететінін атап өтті. Үкімет басшысы сонымен қатар, «бұл тұжырымдаманы қабылдаудың құрылыс заңнамасы секторы бойынша қолданыстағы саясатты жетілдіре түсуге, оның ішінде құқықтық және техникалық нормалауға мүмкіндік береді»,-деді.

Табиғи ресурстарды тиімді басқару және шикізат секторынан түскен табыстарды пайдалану Тұжырымдамасы жобасы бойынша Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин баяндама жасады.

                    

Көмірсутектері мен қатты пайдалы қазбалар саласындағы бірқатар көрсеткіштерді сипаттаған министр, ұсынылып отырған Тұжырымдаманың басымдықты мақсаттарына тоқталды.

Министрдің айтуынша, оның ішінде, өндіру қарқынын арттыру мен табиғи ресурстарды әлемдік рыноктарға шығару, баламалы энергия түрлерін өндіруді дамыту, көмірсутегі шикізатының стратегиялық резервін құру, өндіру кәсіпорындарында экологиялық залалсыз өндіріс жүйесін енгізу, шикізат секторынан түсетін табыстарды оңтайлы басқару сияқты басымдықтар бар.

Талқылау барысында сондай-ақ «KazEnergy» атқарушы директоры Р.Жүрсіновтың есебі тыңдалды.

                     

Отырыс соңында, Үкімет басшысы, бұл Тұжырымдама және тиісті нормативтік-құқықтық актілер, сондай-ақ отын-энергетикалық кешенді дамыту бойынша стратегияны қабылдау-кен өндіру және табиғи ресурстарды әлемдік рыноктарға шығару қарқынын арттыруға, ішкі нарықты жаңа экологиялық стандарттарға сәйкес жанар-жағар маймен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап көрсетті. Одан басқа, С.Ахметов, «Тұжырымдама, өнеркәсіптер қазіргі заманғы өндіру және шикізатты қайта өңдеу технологиясын қолданғанда, экологиялық залалсыз жаңа өндірістер құрғанда ғана шетел инвестициясын тарту үшін жағдай жасайды»,-деді.